Сұрақтарға көшу
Сұрақ 1. Ағынды сулар (өзен) әрекетімен сипатталатын геологиялық процесс?
* флювиалдық
карстық
эолдық
гляциалдық
эндогендік
Сұрақ 2. Өзеннің теңізге барып құяр жерін қалай атайды?
* сағасы
бастауы
арнасы
саласы
Сұрақ 3 Өзен суы үнемі үздіксіз ағатын аңғар табанының ең теренделген бөлігі?
* арна
жайылма
саға
бастау
терраса
Сұрақ 4. Аңғарлардың негізгі морфологиялық элементтерін көрсетіңіз?
* арна
* жайылма
* терраса
каньон
шатқал
жыра
Сұрақ 5. Таулы аймақтардағы терең аңғар түрлері?
* каньон
* шатқал
арна
терраса
жыра
2.Эолдық процестер және жер бедері.
Желдің атқаратын геологиялық қызметі эолдық процестер (ескі грек аңыздары бойынша «Эол»-жел құдайы деген мағынада) деп аталады. Бұл процестердің нәтижесінде тау жыныстары қажалып, бұзылады немесе үгіліске ұшырайды. Аридтық (лат.-кұрғақ) климат аймақтарында бедер пішіндері негізінен желдің әрекетінен пайда болады.
Жалпы эолдық процестер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) корразия
2) дефляция
3) аккумуляция
Корразия (латын тілінде «корразио» -қажаймын деген мағынада) деп, жел айдап ұшырған ұсақ құм түйіршіктердің жер бетіндегі жар тастарды мүжіп, тау жыныстарына тигізетін механикалық әсерін айтады.
Дефляция (латын тілінде «дефляцио» - үрлеу деген мағынада) деп, үгіліске ұшыраған борпылдақ жыныстардың ұсақ құм түйіршіктерінің (желдің үрлеу күшіне қарай) жаңа орынға ұшып-қонуын айтады. Ал желдің үрлеу күші, оның жылдамдығымен анықталады.
Аккумуляция эолдық материалды тасымалдау және шоғырланып шөгуі. Желдің аккумуляциялық қызметіне байланысты құмды шөгінділер бір орынға жиылып өзіндік бедер пішіндері қалыптасады. Олар жылжымалы (дюналар, бархандар) және бекіген (қырқалы, төбешікті) құм шоғырлары түрінде жиі кездеседі.
Қазақстанның шөл және шөлейт жерлерінде, әсіресе, Маңғыстау мен Үстірт аймақтарында адам бойынан биік әр түрлі тас бағаналар, тас саңырауқұлақтар, тас шарлар өрген қойдай жайылып жатыр. Олар көбінесе тасқашалау (корразия) мен үрлену (дефляция) әрекетінен пайда болған. Жел айдаған миллиондаған құм түйірлері көбінесе жердің бетінен 1-2 м биіктікте ұшады. Сонда жартастардың сол деңгейдегі жатқан іргетасын жел құм түйірлері арқылы қашап, жонып, тырнап, қырып, бұзып айдап алып кетіп, үсатып кейін эолдық "тас бағаналар", дөңгелек келген тасберіштер (конкрециялар), "тас мұнаралар" немесе тасты саңырауқұлақ сияқты ерекше бедер пішіндерін құрайды.
Сөйтіп желмен ұшқан құм түйірлері жартасты тау жыныстарымен жанасып, абразиялық материал ретінде олардың сыртын өңцеп, механикалық әсер етеді. Жел қаққан жартастардың пішіндері олардың құрамы мен құрылысына тығыз байланысты. Жел өзінің табиғи әрекетіне орай тығыздығы шамалы икемді тау жыныстарына ықпал етіп, яғни құм және құмайт түйірлерін үргілей отырып, олардан неше түрлі қуыс, терең айғыз шұңқырлар қуыстарды, әр терендікті және әр келемді шұңқырларды қашап шығарады. Мұндай жерлерде берік тау жыныстарынан қүралған неше түрлі жануарларды, отырған құсты, басынан дулығасын шешпей үйықтап жатқан алпауытты, сақалы ұйысқан шалды, шеккен түйені, қақпа-дарбазаны, қамалдарды т.б. елестетін мүсіндер түзеді.
Эолдық аккумуляциялық бедері құмдардың, шаң-тозаңның жел әрекетімен шоғырлануы нәтижесінде жер бетінде пайда болады.
|
Бархандар (құм шағылдар) сыртқы көрінісі қол орақ немесе тағаның ізі тәрізді болып келген асимметриялы құм-төбелер түрінді түзіледі. Мұндай құмдардың қозғалысы өте қауіпті. Өйткені олардың зор массасы қозғалысқа ұшырап, көшіп-қонған жағдайларда егістік жерлерді, каналдарды, жоталарды, жеке үйлерді, тіпті елді мекендерді түгелдей басып қалады
|
|
Дюналар желдің құмды үйіре суырып үрлеу әрекеттеріне байланысты жер бедерінің ойлы-қырлы аудандарында белгілі бір тосқауылдарға тіреліп, немесе өзендер мен көлдердің және теңіздердің жағаларында биіктігі 20-40 м-дей адырлы құм үйінділері (дөңдер) түрінде жиналады. Дюналар әр түрлі климаттық жағдайларда кездеседі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |