Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет80/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

3.Нұрлы қабық, iris - тамырлы қабықтың ең алдыңғы бөлігі, ортасында дөңгелек қарашық, pupilla дейтін тесігі бар, тік тұратын шеңбер тәрізді табақша, қарашық сәл мұрын жағына қарай ығысқан. Нұрлы қабық көзге келетін жарық мөлшерін реттеп отырады, сол себепті қарашық күшті жарық түскенде жиырылып, жарық азайғанда кеңейеді. Нұрлы қабықтың мөлдір қабыққа қараған алдыңғы беті және көзбұршаққа жанасып жатқан артқы беті болады. Нұрлы қабықтың мөлдір қабық арқылы көрінетін алдыңғы бетінің бояуы әр адамда әр түрлі, адам көзінің түсі соған байланысты.
ІІІ.Торлы қабық, retina - көз алмасының үш қабығының ең ішіндегісі, ол тамырлы қабыққа қарашыққа дейін жанасып жатады. Ол 2 бөліктен тұрады: 1) сыртқы - пигментті; 2) ішкі – нервті бөлік. Ішкі нервті бөлік өзінің қызметі мен құрылысы жағынан екі бөлімге бөлінеді: 1) Артқы бөлімде (көру бөлік) сауытшалар мен таяқшалар деп аталатын жарық сезгіш элементтер бар да, ал алдыңғы бөлімінде (соқыр бөлік ) олар болмайды.
Көздің ішкі ядросы мөлдір жарық сындырғыш орталардан: шыны тәрізді денеден, көзбұршақтан және көздің тамырсыз түзілістерін қоректендіруге арналған көз камераларын толтырып тұратын сулы ылғалдан тұрады. Шыны тәрізді дене мен көзбұршақ кескінді торлы қабықта құруға арналған.
А) Шыны тәрізді дене, corpus vitreum – көз алмасы қуысын торлы қабықтан ішке қарай толтырып тұрады, іркілдек келген, көзбұршақтың артында жататын мөлдір зат.
Ә) Көзбұршақ, lens - өте маңызды жарық сындырғыш орта, өте мөлдір және пішіні қосдөңесті шыны тәрізді, алдыңғы және артқы беттерінің орталық нүктелері полюстер деп аталады. Көзбұршақ жұқа, мүлде мөлдір ,құрылымсыз капсуламен жабылған қалпында кірпікті белдікшемен бекітіледі. Көзбұршақ өзінің қабығының серпімділігі арқасында алысқа немесе жақынға қарауымызға байланысты өзінің дөңестігін өзгертіп отырады бұл аккомодация деп аталады. Көзбұршақта шыны тәрізді денедегі сияқты тамырлар болмайды.
Б) Көз камералары – нұрлы қабықтың алдыңғы беті мен мөлдір қабықтың артқы жағындағы кеңістік көз алмасының алдыңғы камерасы деп аталады. Нұрлы қабықтың артқы жағында көздің тарлау артқы камерасы орналасады. Оны артқы жағынан көзбұршақ, бүйір жағынан кірпікті дене шектеп тұрады. Артқы камера қарашық арқылы алдыңғы камерамен қатынасады. Екі камера да мөлдір сұйықтықпен толған, ол ақ қабықтың веналық қойнауына ағып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет