Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет76/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

Қалқанша жанындағы бездер, glandula parathyroidea саны 4 - еу (екі жоғарғы, екі төменгі), қалқанша бездің бүйір бөліктерінің артқы бетінде орналасқан кішкене денешіктер, ұзындығы – 6 мм, ені – 4 мм, қалыңдығы – 2 мм.
Қызметі. Без организмде кальций және фосфор алмасуын реттейтін паратгормон бөліп шығарады. Бездерді алып тастаса, сіреспе (тартылу) әсерінен адам өліп кетуі мүмкін.
Айырша без, thymus, кеуде қуысының жоғарғы алдыңғы бөлігінде төс тұтқасы мен денесінің артында орналасқан. Ол оң және сол жақ екі үлестен тұрады, олар бір-бірімен борпылдақ дәнекер тін арқылы қосылған. Айырша без төмен қарай кеңейіп, үлкен тамырлар, жүрек пен жүрекқаптың бір бөлігінің алдында жатады. Бездің көлемі жасқа қарай өзгеріп отырады. Жаңа туған нәрестеде оның салмағы 12 гр, ол жыныстық жетілу басталғанға дейін өсіп, 35 – 40 граммға жетеді, сосын (14 – 15 жас) инволюция үрдісі басталып, соның салдарынан без салмағы 25 жаста 25 гр, 60 жаста 15 гр, ал 70 жаста 6 гр – ға дейін азаяды.
Құрылысы. Айырша без қапшықпен жабылған, одан бездің ішіне қалқалар шығып, оны үлестерге бөледі. Әр кішкене үлесше қыртыс және милы заттан тұрады. Қыртыс заты эпителий жасушаларынан тұрады, оның ілмектерінде айырша бездің лимфоциттері бар. Ал милы затында эпителий жасушалары жалпақтанып және мүйізденіп, айырша без денешіктерін түзеді. Лимфоциттер қан тамырларымен келетін қанның дің (бастапқы) жасушаларынан дамиды.
Қызметі. Лимфоциттер (Т) айырша безде түрлі зақымдану салдарынан организмге бөгде болып кететін жасушаларға қарсы қорғаныс реакциясын іске асырады. Айырша безі қызметінің ерте жоғалуынан иммундық жүйе қызметі әлсірейді. Үлесшелердің эпителий жасушалары лимфоциттердің бездің өзінде өзгеруін реттейтін гормон жасап шығарады. Кейде толысқан жаста айырша без бен басқа да лимфа ағзаларының патологиясына байланысты иммундық үрдістердің ерекше бұзылуы байқалады, бұл операция кезінде наркоз бергенде кенеттен өліп кетудің себебі болуы мүмкін. Айырша без – иммундық жүйенің орталық ағзасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет