Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


ТАҚЫРЫБЫ: Гипофиз,эпифиздің, қалқанша,қалқанша маңы,айырша,бүйрек үсті бездерінің құрылыстары.Ұйқы және жыныс бездерінің ішкі және сыртқы секреция бөлігі



бет73/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

ТАҚЫРЫБЫ: Гипофиз,эпифиздің, қалқанша,қалқанша маңы,айырша,бүйрек үсті бездерінің құрылыстары.Ұйқы және жыныс бездерінің ішкі және сыртқы секреция бөлігі


Гипофиз, hypophysis (glandula pituitaryia), аяқшасы арқылы ми, сұр төмпе және құйғышпен байланысты. Қызғылт түсті кішкене шар тәрізді немесе сопақша без, түрік ертоқымында жатады. Көлемі үлкен емес: ұзындығы 8-10 мм, ені 12-15 мм; биіктігі 5-6 мм; салмағы 0,35-0,65 г. Әйел жүкті болғанда ол үлкейіп, босанғаннан кейін бұрынғы қалпына қайтып келмейді. Гипофиз құрылысы, қызметі мен дамуы әр түрлі 2 үлестен тұрады: алдыңғы үлес ( аденогипофиз ) және артқы үлес (нейрогипофиз). Алдыңғы үлестің жоғарғы бөлімі сұр төмпеге жанасыпжатадыжәнеолтөмпелікбөлімдепаталады.
Артқы үлес III қарынша түбінің томпаюы арқылы қалыптасады. Екі үлестің арасында аралық бөлім жатады. Қуыс болып қалатын бұл томпақтың жоғарғы бөлігінен құйғышпен қоса сұр төмпе, ал төменгі бөлігінен гипофиздің артқы үлесі мен гипофиз аяқшасы түзіледі, бұлар осылай, құйғыштың өсіндісі болып табылады және оларда нерв тінінің элементтері болады (нейрогипофиз)
Қызметі: Екі үлестің құрылысы мен дамуы әртүрліболғандықтан, олардың қызметтері де әртүрлі. Алдыңғы үлес бүкіл дененің өсуі мен дамуына әсер етеді. (СТГ- соматотропты гормон). Онда ісіктер пайда болса, саусақ, мұрын және еріндер қатты өседі (акромегалия). Сондай-ақ, алдыңғы үлес басқа ІСБ-нің-қалқанша (тиреотропты гормон), бүйрекүсті безінің (АКТТ) және жыныс бездерінің (гонадотропты гормон) қызметін күшейтеді. Артқы үлес қан қысымын арттыра (вазопрессин), тамырлардың бірыңғай салалы бұлшық еті мен жатырдың (окситоцин) жұмысын күшейтеді, бүйректегі су реабсорбциясына әсер етеді (антидиуреттік гормон). Артқы үлес бұзылғандақантсызнесепжібергіштікпайдаболады.
Нейросекреция - бұлмаманданған нерв жасушаларының гормондарды синтездеу және секрециялау үрдісі. Нейросекреция үрдісінде түзілетін заттар нейрогормондар деп аталады. Олар өмірлік маңызды қызметтерді іске асыруға (организмнің өсуі мен дамуы, ІСБ-нің қызметтері, ОЖЖ-нің әрекеті), қатысады, нейрогормондарды гипоталамус ядроларының жасушалары жасап шығарады және олар гипофизге келеді. Осыған байланысты гипоталамус пен гипофизді ерекше гипоталамус-гипофизарлықнейросекреттікжүйе-ГГНЖдепаталады.
Гипофиз басқа ІСБ-нің дамуы мен қызметін белсендіретін гормондар өндіретіндіктен, оны эндокриндік аппараттың орталығы деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет