Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


ХІ – ші жұп, қосымша нерв, n.accessorius



бет72/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

ХІ – ші жұп, қосымша нерв, n.accessorius – қозғалтқыш нерв, эфферентті талшықтары және сопақша ми мен жұлында екі қозғалыс ядросы бар. Ядросына сәйкес оның ми және жұлындық бөлігі бар. Ми бөлігі сопақша мидан, ал жұлындық бөлігі ІІ-V–ші мойын нервтерінің алдыңғы және артқы түбіршіктері арасында және жоғарғы үш мойын нервтерінің алдыңғы түбіршіктерінен құралып, ми бөлігіне қосылады. Қосымша нерв кезбе нервтен бөлініп шыққан тармақ болғандықтан, онымен бірге бассүйек қуысынан мойындырық тесігі арқылы шығып, трапеция тәрізді бұлшық ет пен одан бөлінген төс-бұғана- емізікті бұлшық етті нервтендіреді. Ми бөлігі көмейдің қайтарма нерві құрамында көмей бұлшықеттерін нервтендіреді, ал жұлындық бөлігі жұтқыншақты қозғалыстық нервтендіруге қатысады.
ІХ – шы, Х – шы және ХІ- ші нервтер vagus тобын құрайды.
ХІІ – ші жұп, тіласты нерві, n.hypoglossus – қозғалтқыш нерв, сомалық- қозғалыс ядросы сопақша мидың ромб тәрізді шұңқырында орналасқан. Нерв сопақша мидың пирамидасы мен оливасының арасынан өтіп, ми сауытынан тіласты сүйегінің тесігі арқылы шығады. Нервтің бір тармағы тілдің бұлшық еттерін, ал екінші тармағы тіласты сүйегінен төмендегі мойын бұлшық еттерін нервтендіреді.

ДӘРІС №38


ТАҚЫРЫБЫ: Бездердің жіктелуі. Эндокриндік жүйенің орталық және шеткі бездері.Ішкі сөл бездерінің құрылыстары, адам ағзасындағы мақсаты

Адам денесіндегі бездер сыртқы және ішкі сөлініс бездері деп 2 үлкен топқа бөлінеді. Сыртқы сөлініс бездерінің шығарушы түтігі болады, олар осы түтігі арқылы сөлін дененің қуыс мүшелеріне және сыртқы ортаға шығарады. Бұл бездерге сілекей, асқазан, ішек, тер, т.б. бездер жатады. Ал ішкі сөлініс бездері немесе эндокриндік бездердің шығарушы түтігі жоқ және олар өз секретін тікелей қанайналым жүйесіне бөледі (қантамырлар безді әр бағытта торлап, сыртқы секреция бездерінің түтіктері сияқты роль атқарады, тамырлар айналасында секретін қанға бөлетін без жасушалары орналасады).


Эндокриндік бездердің өнімдері инкреттер немесе гормондар (hormon– қоздырамын) деп аталады. Гормондар ағзаға немесе тінге арнаулы әсер етеді. Оның организмде жоғалып кетуі қоректендіруді бұзады. Гормондар организмнің өсуі мен дамуына әсер етеді. Қанда аз мөлшерде болатынына қарамастан, гормондардың физиологиялық әсері өте күшті, гормондар сонымен қатар психиканың дамуына, жыныстық жетілуіне, жүрек қызметіне тікелей әсер етеді.
Дамуы. Эндокриндік бездер эмбрионалдық жағынан түрлі текті болып келеді. Бұл жағынан тіпті бір бездің жеке бөліктерінің өзі әр түрлі тіннен дамиды ( мысалы, бүйрек үсті безінің қыртыс және милы заттары). Сондықтан даму орындарына қарай эндокриндік бездер 5 топқа бөлінеді:
1.Ұрықтың жұтқыншағы мен желбезек қалталарынан пайда болған энтодермалық бездер – бранхиогендік топ (қалқанша, қалқанша жанындағы және айырша без).
2. Ішек түтігінің энтодермалық бездері (ұйқы безі аралшықтары).
3. Мезодермалық бездер (бүйрекүсті безінің интерреналды жүйесі және жыныс бездері).
4. Аралық мидан пайда болатын энтодермалық бездер – неврогендік топ (эпифиз бен гипофиз).
5.Симпатикалық элементтерден пайда болатын эктодермалық бездер - адренал жүйесі тобы (бүйрек үсті безінің милы заты мен хромаффинді денелер).

ДӘРІС №39




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет