Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет71/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

Х – шы жұп, кезбе нерв, n.vagus, бассүйек нервтерінің ішіндегі ең ұзыны, аралас қызмет атқарады. Кезбе нерв тармақтары тыныс алу ағзаларын, ас қорыту жолының көп бөлігін сигма тәрізді тоқ ішекке дейін нервтендіреді және жүрекке оның соғуын баяулататын тармақтар береді. Нерв құрамында 3 түрлі талшықтар бар : 1) сезімтал, 2) қозғалыс, 3) парасимпатикалық талшықтар – олар миокардқа және тамырлардың бұлшық ет қабықшасына келеді.
Кезбе нерв сопақша мидың ядроларынан басталады. Ол бассүйектен шығып, төмен түседі, талшықтары 4 бөлімге бөлінеді : 1) бас бөлігі, 2) мойын бөлігі, 3) кеуде бөлігі, 4) іш бөлігі.
Бас бөлігінің тармақтары : 1. Менингеалды тармақтар- артқы бассүйек шұңқырындағы мидың қатты қабығына барады.
2.құлақ қалқаны нерві – сыртқы есту жолының артқы қабырғасы мен құлақ қалқаны терісіне барады.
Мойын аймағында : 1.Жұтқыншақ тармақтары тіл- жұтқыншақ жүйкесімен қосылып, жұтқыншақ өрімін түзеді. Ол жұтқыншақ тарылтқыштарын, таңдай доғашықтары мен жұмсақ таңдай бұлшық еттерін нервтендіреді.
2.Жоғарғы көмей нерві – көмей, тіл түбірі мен көмей қақпашығының шырышты қабығын сезімтал талшықтармен, ал көмей бұлшық етінің бір бөлігін қозғалыс талшықтарымен қамтамасыз етеді.
Кеуде бөлігінде :1.Қайтарма көмей нерві – өңеш пен кеңірдекті, жұтқыншақ, қалқанша, айырша бездерін, мойынның лимфа түйіндерін, көмей бұлшық еттерін, жүрек пен көкірекаралықты нервтендіреді.
2. Кеуде бөлімінің жүректік тармақтары – жүрек өріміне барады.
3.Бронхтық және трахеялық тармақтары – симпатикалық сабау тармақтарымен бірге бронх қабырғасында өкпе өрімін түзеді, ол кеңірдек пен бронхтардың бұлшық еттері мен бездерін нервтендіреді.
4.Өңеш тармағы- өңеш қабырғасына барады.
Іш бөлімінде : кезбе нервтің өңештен жүретін өрімдері асқазанға созылып, алдыңғы және артқы сабаулар түзеді, одан асқазанның кіші иіні мен қабырғасына тармақтар шығады. Кейбір тармақтар кіші шарбы арқылы бауырға барады.Одан симпатикалық өрімдермен бірге бауыр, көкбауыр, ұйқы безі, бүйрек, жіңішке ішек пен тоқ ішектің сигма тәрізді бөлігіне дейін барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет