Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет15/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

Көмей (larynx) мойынның алдыңғы жағында IV, V, VI ойын омыртқа деңгейінде орналасқан, ол қалқанша мембрананың көмегімен тіл асты сүйегіне ілініп тұрады. Ол артында жатқан жұтқыншақпен көмей кіреберісі арқылы тікелей қатысады, ал төменде кеңірдекке жалғасады.
Адам көмейі тамаша музыка аспабы сияқты, яғни көмей арқылы шығатын ауа дауыс байламдарын тербелтіп, соның нәтижесінде дыбыс пайда болады. Көмей қозғалыс аппараты принципімен құрылған, сондықтан ол мына бөліктерден тұрады:

  1. Шеміршектер

  2. Олардың байламдары мен буындары түріндегі қосылыстары

  3. Бұлшық еттер – олар шеміршектерді қозғалтып, соның нәтижесінде дауыс саңылауы көлемі мен дауыс байламдарының керілу дәрежесін өзгертеді.

Көмей шеміршектері 6-ау. Олардың 3-і жұп, 3-і тақ.
Тақтары:

  1. Жүзік тәрізді шеміршек – гиалинді, жүзік пішінді, қалқанша шеміршектің астында орналасып, көмейдің негізін құрайды. Артқы жағы жалпақ табақшадан, алды мен бүйірлері доғадан тұрады.

  2. Қалқанша шеміршек – ең ірісі, гиалинді, 2 табақшадан тұрады. Олар алдына қарай бұрыш жасай қосылады. Жоғарғы жиегінде ортаңғы сызық бойында тілік болады. Әр табақшаның қалыңдығы артқы жиегі ұзын жоғарғы мүйізге және қысқа төменгі мүйізге созылады.

  3. Ожау тәрізді шеміршек – пішіні пирамидаға ұқсаған, пирамиданың негізгі жүзік тәрізді шеміршектің үстінде 2 жапырақшаға бөлінеді. Әр жапырақшаның табаны мен ұшы бар, табанында 2екі өсіндісі бар: 1) бұлшықет; 2) дыбыс өсіндісі. Бұлшықет өсіндісіне – көмей бұлшықеттері, ал дыбыс өсіндісіне – дыбыс сіңірі бекиді.

  4. Көмей қақпашығы – көмей кіреберісінің алдында, тікелей тіл түбірінің артында орналасқан, жапырақ пішінді, серпінді шеміршекті табақша. Ол адам жұтынғанда көмей кіреберісін жауып тұрады, сол кезде тамақ өңешке өтеді.

  5. Мүйіз тәрізді шеміршек – көмей қақпашығымен ожау тәрізді шеміршектің арасындағы шырышты қабаттың қатпарында орналасқан. Оның алдында сына тірізді шеміршек бар.

Көмейдің ортаңғы бөлігінің шырышты қабатында 2 жұп қатпар бар: жоғарғысы – қарыншалық, төменгісі – дыбыстық.
Дыбыстық қатпар көмей кенересінен едәуір шығып тұрады, дыбыстық қатпардың
шырышты қабығының астында дыбыс желбезектері мен бұлшық еттері орналасқан. Көмейдің 2 дыбыс сіңірінің арасында көмей қуысы немесе дыбыс саңылауы орналасқан.
Көмей қуысы – пішіні құм сағатқа ұқсайды, 3 бөлімнен тұрады.

  1. Кіреберіс.

  2. Қарынша аралық

  3. Дыбыс асты

Көмей кіреберісі – көмейдің жоғарғы бөлігі мен көмейге кіру тесігі қатпарларының аралығында орналасқан.
Қатпардың аралығында кіреберіс саңылауы бар. Көмей қуысының ортаңғы тарылған бөлігі меншікті дауыс құралы деп аталады. Құрылысы өте күрделі, оның жоғарғы жағын – жұп кіреберіс қатпарлары, ал төменде – дауыс қатпары шекаралайды.
Кіреберіс пен дауыс қатпарларының аралығында көмей қарыншалары бар.
Оң және сол дауыс байламдары мен ожау тәрізді шеміршектің аралығында дауыс саңылауы бар. Дауыс саңылауы алдында дыбыс желбезегінен, артында ожау тәрізді шеміршегінің өсіндісінен тұрады. Тыныс алу кезінде дауыс қатпары ашылып, бұрыш тәрізді қуыс пайда болады. Дауыс саңылауының ұзындығы ер адамдарда – 20-24мм, әйелдерде – 16-19мм. Тыныш жағдайда тыныс алғанда ені 5мм, дыбыс пайда болғанда 15мм-ге жетеді.
Көмейдің төменгі кеңейген бөлігім дыбыс асты қуысы деп аталады. Ол біртіндеп тарылып, кеңірдекке жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет