Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет20/88
Дата07.11.2022
өлшемі176,17 Kb.
#156878
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   88
Байланысты:
Анат лекция

Несеп қуық (vesica urinaria) – жамбас қуысындағы тік ішектің алдыңғы жағында орналасқан бұлшық етті мүше. Несеп қуықта зәр уақытша жиналады. Несеп қуықтың бұлшықеті жиырылғанда жиналған несеп – шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылада. Ересек адамда қуықтың сыйымдылығы шамамен 500-700 мл. Несеп қуығы толғанда оның жоғарғы бөлігі пішіні мен көлемін өзгертіп, қасағадан жоғары көтеріліп, қатты созылған жағдайда кіндікке дейін жетеді. Несеп қуық несепке толған кезде жұмыртқа пішінді және оның түбі, денесі және ұшы бар. Оның түбі төмен және артқа, тік ішек немесе қынап бағытына қарайды; ол мойын түрінде таралып, несеп шығаратын өзек жолына ауысады, алдыңғы жоғарғы жағындағы үшкір ұшы, іштің алдыңғы қабырғасының төменгі жағына жанасып жатады. Ұшы мен түбі арасында жатқан ортаңғы бөлігі денесі деп аталады. Несеп қуықтың қабырғасы үш қабаттан тұрады: Ішкі шырышты қабаты ауыспалы эпителиймен қапталған. Ауыспалы эпителий несеп қуық зәрге толғанда жазылып, босағанда жиырылып, көшіп тұрады. Несеп қуығының ортаңғы қабаты үш бағытта орналасқан бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан тұрады: сыртқы бойлық, ортаңғы – дөңгелек немесе көлденең, ішкі бойлық және көлденең талшықтардантұрады. Несеп шығару өзегі, urethra masculine et feminine. Несеп шығару өзегінің құрылысы ер адамдар мен әйел адамдарда бірдей емес. Әйелдердің несеп шығару өзегінің ұзындығы 3 – 3,5 см. Несеп шығару өзегінің сыртқа ашылатын тесігі қынаптың алдыңғы тұсында қатарласа орналасады. Несеп шығару өзегінің ішкі шырышты қабығы ұзын қатпарлы болады. Үрпі жолы несеп шығару тесігімен аяқталады. Әйелдерде несеп шығару өзегі қысқа болғандықтан инфекция ерлерге қарағанда көп таралады.
Ер адамның несеп шығару өзегінің пішіні түтікше тәрізді, ұзындығы шамамен 18 см. Ол несеп қуықтан басталып, жыныс мүшесінің ұшына дейін созылып жатады. Ер адамдардың несеп шығару өзегі 2 түрлі қызмет атқарады: несеп және жыныс жасушалары (сперматозоидтар) сыртқа шығарылады. Ол түрлі құрылымдар арқылы өтеді, сондықтан онда қуық асты бөлігі, жарғақты бөлік, кеуекті бөлік болып үш бөлімге бөлінеді:
1.Қуық асты бөлігі – қуыққа ең жақын жататын жер, ол қуық асты безі арқылы өтеді. Бұл бөлімнің ұзындығы 2,5 см – дей.
2. Жарғақты бөлігі – қуық асты безінен басталады, оның ұзындығы 1 см – ге жуық. 3.Кеуекті бөлігі – ұзындығы 15 см - дей.
Несеп шығаратын өзекті анатомиялық жағынан 3 бөлікке бөлумен қатар урологиялық клиникада оны 2 бөлімге бөледі: алдыңғы уретра, ол кеуекті бөліктен тұрады және артқы уретра қалған жарғақты және қуық астылық бөліктен тұрады. Олардың арасындағы шекара – өзектің қысқыш бұлшық еті инфекцияның алдыңғы уретрадан артқы уретраға өтуіне кедергі жасайды.

ДӘРІС № 22




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет