Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет28/88
Дата07.11.2022
өлшемі176,17 Kb.
#156878
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   88
Байланысты:
Анат лекция

Артериялар(aer-ауа,tereo-бар) – жүректен ағзаларға қан әкелетін тамырлар.Артерия қабырғасы үш қабаттан тұрады ;
1)Ішкі қабық – tunica intima-тамыр қуысы жағынан эндотелиймен жабылған,оның астында субэндотелий мен серпімді мембрана орналасқан. Серпімді мембрана артерия қан тамырына созылғыштық қасиет береді.
2)Ортаңғы қабық – tunica media – бірыңғай салалы бұлшық ет тіні мен серпімді
талшықтардан тұрады.
3)Сыртқы қабық – tunica externa-дәнекер тінді талшықтардан тұрады, артерия
қабырғасына серпімділік қасиет береді.
Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақтарға бөлініп, ұсақталып кетеді. Ең үлкен артерия –қолқа(аорта), екіншісі – өкпе сабауы. Артериялар көлеміне қарай ірі, орта, майда болып бөлінеді. Орналасуына байланысты беткей, терең, париеталды, висцералды, ағзалардың сыртындағы және ішіндегі болып бөлінеді. Париеталды артериялар денедегі қуыстардың (іш, кеуде, жамбас) қабырғасын, ал висцералды артериялар ішкі ағзаларды қанмен қоректендіреді. Ағзалардың сыртындағы артерия сол ағзаны қанмен қамтамасыз етеді және сол ағзаның атымен аталады, мысалы, бүйрек артериясы, бауыр артериясы. Артерия ағзаға оның ойыстанған бетіндегі қақпасы арқылы кіреді.
Артериялардың соңғы жіңішке және ұсақ тармақтарын артериолалар деп атайды, олардың артериядан айырмашылығы – оның қабырғасында бір ақ қабат бұлшық ет жасушалары болады, соның арқасында ол реттеуші қызмет атқарады. Артериола тікелей прекапиллярға жалғасады, онда бұлшық ет жасушалары бөлек-бөлек болады. Прекапиллярдың артериоладан айырмашылығы – онымен венула тамыры қатарласа жүрмейді. Прекапиллярдан көптеген капиллярлар шығады.
Капиллярлар – артерия және вена қан тамырларын байланыстыратын аса жіңішке тамырлар. Олар зат алмасу қызметін орындайды, осы қызметіне байланысты олардың қабырғасы сұйықтар, еріген заттар, газдар өтетін жалпақ эндотелий жасушаларының бір қабатынан ғана тұрады. Капиллярлар бір-бірімен жалғаса, посткапиллярларға айналатын торлар түзеді. Посткапиллярлар артериоламен қатарласа жүретін венулаға айналады. Қазіргі заманғы көзқарас бойынша артериола – прекапилляр – капилляр – посткапилляр – венула қан тамырларындағы қан айналымы микроциркуляция деп аталады. Микроциркуляцияның нәтижесінде қан мен тін арасындағы зат алмасуы өтеді. Тінге капилляр қабырғасы арқылы қоректік заттар, оттегі өтеді, ал тіннен капиллярға тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған заттар мен көмір қышқыл газы өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет