Жатыр,uterus( грекше-metra s.hystera)-қуыс бұлшық етті ағза, кіші жамбас астауында, қуық пен тік ішіктің арасында орналасқан. Жатыр түтігі арқылы жатыр қуысына келген аналық жасуша ұрықтанса, осы жерде одан әрі туғанға дейін дамиды. Көбею қысметінен басқа ол етеккір қызметін де атқарады.Жатырдың пішіні алмұртқа ұқсас, оның денесі, түбі және мойны бар.Жатырдың алды қуыққа, арты тік ішекке қараған беті бар.Жатырдың беттері бір-бірінен оң және сол жатыр шеттері арқылы бөлініп тұрады.Жатырдың ішінде жатыр қуысы, ал оның мойнында жатыр мойнының өзегі бар. Жатырдың денесі конусқа ұқсас, төменінінде жатырдың мойнына өтеді. Жатырдың денесінің мойнына өткен жері тарылып, оның қылтасы пайда болады. Жатырдың мойнының төменгі бөлігі қынаптың, жоғарғысы қынап үстілік болып бөлінеді. Жатыр мойнының қынаптық бөлігіндегі өзектін тесігі қынап қуысына ашылады. Бұл тесік қызда дөңгелек, ал бала туған әйелде жиектерінде бітіп кеткен жарықтары бар көлденең саңлау пішінді болады. Жатыр мойнының тесігі алдыңғы және артқы еріндермен шектелген.
Құрылысы:Жатыр қабырғасы үш қабаттан тұрады.1)Ішкі шырыш қабаты- эндометрий, қалыңдығы 3см-дей, түтік бездеріне бай, кірпікшелі эпителиймен жабылған. Шырышты қабаты беткей немесе қызметтік және тереңдегі негізгі болып екі қабатқа бөлінеді. Беткейдегі қызметтік қабатта анабездегі овуляция құбылысы мен сары дененің пайда болуына байланысты қантамырлары жарылып, түлеп тұрады.Шырышты қабаттың негізгі қабатының есебінен беткейдегі қабат қайтадан жаңғырып орнына келеді. Жатырдың шырышты қабатының беті тегіс, тек мойын өзегінде ұзын қатпар бар. Қатпардан тік бұрыштанып екі жаққа тармақтар жайылады. Оң және сол тармақтар бір-бірімен айқасып, қынаптың ішіндегісін жатырға өткізбейді. Жатырдың шырышты қабатында шырышасты негізі болмайды, сондықтан бұлшық ет қабатына тікелей жабысып тұрады.
2)Жатырдың ортаңғы бұлшық етті қабаты-миометрий. Жатырдың бұлшық еттері үш бағытта:ішкі-қиғаш, ортадағы айналып, сыртқысы ұзына бойына қиғаштанып орналасқан. Ортадағы бұлшық ет қабаты қан тамырларға, әсіресе ірі вена тамырларына бай. 3)Сыртқы қабаты –периметрий жатырмен бітісіп,оның сірлі қабығын түзетін висцералды ішастар,ол жатырды жан-жағынан қаптап жауып, кіші жамбас астауындағы басқа мүшелерге өтеді. Соның нәтижесінде жатыр мен
қуықтың арасында жатыр-қуық ұңғылы, ал жатыр мен тік ішек аралығында жатыр-тік ішек ұңғылыпайдаболады.
Жатыр-қозғалғыш мүше. Кіші жамбас астауындағы мүшелердің орналасуына байланысты жатырдың бағыты өзгеріп тұрады.Мысалы несеп қуығы бос болғанда жатырдың түбі алдыға қарай еңкейеді. Жатырдың бұл жағдайы «антиверсия» деп аталады.
Қуық толған кезде жатыр артқа қисайып (retroversion), оның бойлық білігі жоғарыдан төмен және алға қарай өтеді. Жатыр барлық уақытта аз ғана оңға немесе солға қарап ауытқиды. Жатырдың артқа қарай иілуі (retrolflexio) патология боп есептеледі.
Жатырдың бекініп тұрған үш байламы бар: жатырдың жалпақ байламы, дөңгелек және тік ішекбайламы.
Жатырдың жалпақ байламы жатыр түтігіне жабысып, оның шарбысы пайда болады. Шарбы екі қабаттан тұрады, жоғарысынды жатыр түтігі, ішінде анабез қасалқысы бар. Жатырдың жалпақ байламының артына анабез бекінген бөлігі анабез шарбысы деп аталады. Жатыр мойнының айналасында қоршап қынаптың жоғарғы бөлігінің арасында май тіні (параметрий) болады.
Жатырдың дөңгелек байламы жатырдан шап өзегіне және үлкен жыныстық еріндерге дейін тартылған дәнекер тін мен бірыңғай салалы бұлшық еттерден тұратын, пішіні жіпше тәрізді байлам.
Жатыр-тік ішек байламы жатыр мен тік ішектің және құйымшақтың арасындағы дәнекер тінді байлам. Бұл байламмен бірге тік ішек-жатыр бұлшық еті орналасқан. Жатыр түтігі, tuba uterine s. salpinx-жұп түтік, ол арқылы овуляция кезінде аналық жасушалар жатыр қуысына келеді. Ұзындығы-10-12см, оң түтік сол түтіктен ұзын болып келеді. Жатыр түтігі жатырдың жалпақ байламасының үстінде, жатырдың екі бүйірінде орналасқан. Түтікте мына бөлімдер бар: 1) түтіктің жатыр қабырғасындағы бөлігі, 2) қылтасы-d-2-3см біртегіс тарылған бөлігі,3)ампуласы- диаметрі біртіндеп үлкейеді, қылтадан сыртқа қарай кетеді, 4)құйғыш- ампуланың тікелей жалғасы және атына сәйкес жиектерінде көптеген өсінділері-шашақтары бар түтіктің құйғыш тәрізді кеңейген жері. Бір шашақ үлкендеу және ішастар қатпарын да анбезге дейін созылады. Құйғыштың ұшында дөңгелек тесік жатады, ол арқылы анабезден бөлінген жасуша ампулаға келеді, түтіктің екінші тесігі жатыр қуысына ашылады.