Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет51/88
Дата07.11.2022
өлшемі176,17 Kb.
#156878
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   88
Байланысты:
Анат лекция

Мойынның лимфа түйіндері екі топқа бөлінеді: алдыңғы және латералды лимфа түйіндері. Алдыңғы лимфа түйіндері беткей және терең болып бөлінеді, олардың ішінде көмейалды, қалқаншылық, кеңірдекалды және кеңірдекмаңы лимфа түйіндері бар.
Латералды түйіндер де беткей және терең топтар құрайды. Беткей түйіндер сыртқы мойындырық венасы бойында жатады.Терең түйіндер ішкі мойындырық венасының, көлденең мойын артериясының бойында және жұтқыншақтың артқы жағында тізбекшелер түзеді.
Жұтқыншақарты түйіндеріне мұрын қуысы мен оның қосалқы ауалы қуыстарының шырышты қабығы мен қатты жұмсақ таңдайдан,т іл түбірінен, жұтқыншақтың мұрын және ауыздық бөлігінен және ортаңғы құлақтан лимфа келіп құяды.


ДӘРІС №30


ТАҚЫРЫБЫ: Жүйке жүйесінің маңызы және бөліктері.Орталық Жүйке жүйесі. Жұлын құрылысы және тұспалдауы

Тірі заттың негізгі қасиеттерінің бірі-тітіркенгіштік. Әрбір тірі организм өзін қоршаған ортадан тітіркену алып, оған сәйкес реакциямен жауап қайтарады. Тітіркену мен оған жауап беретін ағза арасындағы байланыс көпжасушалы күрделі организмде нерв жүйесі арқылы іске асырылады. Ол өзінің тармақтарымен барлық ағзалар мен тіндерге өтіп, организмнің барлық бөлктерін біріктіріп, үйлестіріп, тұтастырып байланыстырады. Нерв жүйесі-аса күрделі жүйе, ол мүшелердің қызметін реттейді және мүшелерді бүкіл өмір бойы олардың жұмысын өзгертіп отыратын сыртқы ортаға бейім дейді.


Нерв жүйесінің негізгі анатомиялық бірлігі - нерв жасушасы-нейрондар немесе нейроцит. Нейрон деп сыртқы немесе ішкі орта тітіркенулерін қабылдауға және пайда болған тітіркеністерді орталыққа немесе жұмысшы мүшелерге өткізуге қабілетті жоғары дифференциалды жасушалар мен олардың өсінділері. Нейронның екі өсіндісі бар, олардың бір ұзын өсіндісі аксон немесе нейрит, ал тармақталған қысқа өсінділері - дендриттер деп аталады. Нейрон ішіндегі нервтік қозу дендриттерден жасуша денесіне, одан аксонға қарай жүреді, аксондар қозуды жасуша денесінен алға қарай жүргізеді. Нерв импульсының бір нейроннан екінші нейронға берілуі синапстардың (грекше sinaps - қосу) көмегімен іске асады. Нейрондардың өзара байланысының екі түрі бар:
1.Аксосомалық байланыс кезінде бір нейронның тармақтары басқа нейронның денесіне келеді (жұлын мен қыртысастындағы түзілістерде көп)
2.Аксодендриттік байланыс кезінде ұштастырылу нейрондардың дендриттері арқылы өтеді(ми қыртысының үстіңгі қабаттарында күшті дамыған).
Сөйтіп, бүкіл нерв жүйесі нейрондар кешенінен тұрады. Олар бір-бірімен байланыста болады, бірақ еш жерде өзара тікелей бітісіп кетпейді. Демек, бір жерде пайда болған қозу нейрондардың өсінділері арқылы бір нейроннан екінші нейронға, одан үшінші нейронға және т.с.с. беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет