Дәріс №19. Жүрек және қан тамырларының құрылысы, қан айналу жүйесі



бет4/7
Дата10.11.2023
өлшемі23,3 Kb.
#190735
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
file-9257 25

«Жүрек заңы»
Филогенез барысында жүрек етінде жиырылу күшін жүрекке қайтып оралған қан мөлшерінің көбеюіне, артериялардағы қысым деңгейінің жоғарлауына байланысты арттыратын қабілет қалыптасқан. Бұл орта жағдайына бейімделудің бір түрі, себебі аталған жайттер дене жұмысы кезінде және түрлі эмоциялар жағдайында туындайды.

Тыныштық жағдайларындағы организмнің жүрегі босаңсып (диастола) жиырылар алдында жүрек еті талшықтарының белгілі бір ұзындық шамасы (бастапқы ұзындық) болады. Жүрекке қан оралымы көбейсе немесе артериялардағы қысымның жоғарылауына байланысты онда қан іркілсе, жүрек қуысы керіліп, жүрек еті талшықтарының бастапқы ұзындығы үлкейеді. Қан оралымы неғұрлым көп, ал артериялардағы қысым неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ет талшықтарының керілу деңгейі арта түседі, Неміс ғалымы Отта Франк пен ағылшын ғалымы Эрнест Старлинг алғаш рет жүрек еті неғұрлым көбірек созылса, оның соғұрлым күштірек жиырылатынын дәлелдеді. Жүрек етінің бұл ерекшелігін «журек заңы «деп атады. Демек, жүрекке қан неғұрлым көп оралса, ол соғұрлым қанды көп айдайды. Осыған байланысты жүректен қуылатын қан мөлшері венамен оралатын қанның мөлшеріне қарай өзгеріп отырады да, оң және сол қарыншалардан қуылатын қанның жалпы көлемі бірдей деңгейде сақталады.

Жүрек биотогы және оны зерттеу

Жүрек етінің қозуымен байланысты туындайтьн биоэлектрлік құбылысты жүрек биотогы деп атайды. Жүрек еттері қозу толқынымен бір сәтте қамтылмайды. Оның бір бөлігінде қозу пайда болғанда, басқа бөлігі тыныштық күйде болады. Осыдан жүректің қозған теріс зарядты бөлімі мен қозбаған оң зарядты бөлімінің арасыңда потенциалдар айырмасы туындайды да биоток пайда болады. Оның кернеуі өте төмен (1-2 мв), ал күші ампердін, миллионнан бір бөлігіңдей ғана болады.

Жүректе пайда болған әрекет потенциалы бүкіл денеге тарайды, сондықтан арнайы сезімтал аспаптарды пайдалана отырып осы потенциалдар толқынын қисық сызық бейнесінде жазып алуға болады. Жүрек еттеріндегі биоэлектрлік құбылысты зерттейтін әдісті – электрокардиография, биотоктарды зерттеу үшін қолданатын аспапты-электрокардиограф, ал биотоктарды бейнелейтін қисық сызықтарды-электрокардиограмма (ЭКГ) деп атайды. Электрокардиограммада бес кертпеш болады (Р()К5Т). Я кертпеші жүрекшелер қозған кезде, ал {Ж$Ткертпештері қарыншалар қозғанда пайда болады. ЭКГ-ны жазу үшін денеден үш түрлі жолмен ток тартылады: 1) оң және сол қолдан; 2) оң қол мен сол аяқтан; 3) сол қол мен сол аяқтан. Малда тиісінше алдыңғы және артқы сирақтардан.

Жүректің систолалық және минуттық сыйымдылығы

Жүрек еттері жиырылған кезде қолқа мен өкпе артериясына белгілі мөлшерде қан қуылады. Қарыншадан систола кезінде шығатын қанның мөлшерін систолалық сиымдылық деп атайды. Ол қарынша қуысының көлеміне, жүрекке оралған қан мөлшеріне, қарынша етінің жиырылу күшіне, жүрек жұмысының жиілігіне, мал түлігінің түріне қарай өзгереді. Адамда систолалық сиымдылық 65-70 мл, қой-ешкіде – 70 мл, жылқы мен ірі қарада – 500-600 мл.

Жүректен бір минутга өтетін қан мөлшерін жүректің минуттық сыйымдылығы дейді. Оның мөлшері жасқа, организмнің шынығу деңгейіне, жүрек жұмысының жиілігіне, түлік түріне т.б. қарай өзгереді. Жүректің минуттық сиымдылығын оның систолалық сиымдылық мөлшерін жүректің бір минуттағы соғу жылдамдығына көбейту арқылы анықтайды. Адамда орта есеппен оның мөлшері 4,5-5 л, жылқыда – 20-30 л, ірі қарада – 40-50 л.

Дене жұмысы кезінде жүректің минуттық сиымдылығы көбейеді. Жаттықпаған, шынықпаған организмде ол жүрек соғуының жиілеуі, ал жаттыққан организмде – систолалық сиымдылықтың көбеюі арқылы өседі. Жүректің соғу жиілігінің белгілі шегі болады, ол шексіз өсе алмайды, сондықтан бұл механизм онша сенімді, тиімді механизм емес. Ал жақсы шыныққан организмде жұмыс үстінде жүректің систолалық сиымдылығы өседі де, соңынан организм мұқтаждығына қарай оның соғу жиілілігі артады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет