Дәріс №19. Жүрек және қан тамырларының құрылысы, қан айналу жүйесі


Жүрек-тамыр жүйесінің қызметін реттеу механизмдері



бет5/7
Дата10.11.2023
өлшемі23,3 Kb.
#190735
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
file-9257 25

Жүрек-тамыр жүйесінің қызметін реттеу механизмдері
Жүректің өз қызметін әр түрлі сыртқы әсер ықпалынсыз өзгертіп, басқару қабілетін өзіндік (ағзалық) реттеу деп атайды. Қазіргі кезде жүректің өзіндік реттеу механизмін үш түрге бөледі.

Гидродинамикалық аутореттеу (өзіндік реттеу) механизмі. Бұл механизм «гидродинамикалық кері байланыс» арқылы жүректің оң және сол бөліктерінің жұмысын үйлестіріп отырады. Мысалы, әр түрлі ырғақта жұмыс істеп түрған «оқшауланған» екі жүректі тізбектеп, бірінен қуылған қан екіншісіне, ал екіншісінен қуылған қан қайтадан бірінші жүрекке оралатындай етіп ортақ жүйеге қосса, олар бір ырғақта жұмыс істей бастайды. Оған бұл екі жүректің арасында «гидродинамикалық кері байланыстың» қалыптасуы себепші болады. Демек, жүрек жұмысының ырғағы мен жүрек етінің жиырылу күші жүрек қуыстарындағы қысымға сәйкес өзгеріп отырады.

Гетерометриялық аутореттеу механизмі. Бұл механизм жүрек етінің жиырылу күшін оның ет талшықтарының бастапқы созылу дәрежесіне қарай өзгертіп отырады. Жүрек еті неғұрлым көбірек созылса, соғұрлым ол күштірек жиырылады. Осы механизм «Старлинг Заңын» түсіндіруге негіз болады.

Гомеометриялық аутореттеу механизмі. Қалыпты жағдайда жүректің жиырылу күші миокард талшықтарының бастапқы ұзындығына (жүректің толу, керілу дәрежесіне) ғана сәйкес өзгермей, жүрек етіндегі иондар концентрациясына байланысты да өзгеріп отырады. Жүректің жиырылу кезеңі ұзарса, жүрек еті талшықтарындағы кальций иондарының концентрациясы көбейеді. Жүректің соғу ырғағы жиілесе де оның жиырылу күші артады. Оның себебі бұл жағдайда диастола қысқарып, систола кезінде ет талшықтарына енген кальций иондары кері шығып үлгермейді де, оның жасушалардағы концентрациясы жоғарылайды. Дәл осы феномен «Боудич баспалдағының» негізінде жатады. Осыдан жүрек жұмысы жүрекке оралған қанның құрамына байланысты да өзгеріп отырады.



Гемодинамика (қанқозғалым), оның негізгі зандылығы
Гемодинамика деп қан тамырларымен қанның ағуының себептерін, заңдылықтарын және механизмін зерттейтін ілімді айтады.

Гемодинамика зандылықтарына сәйкес тамырдан ағып өтетін қанның мөлшері мен жылдамдығы тамырдың басы мен соңыңдағы қысым айырмасына және гидродинамикалық кедергі деңгейіне байланысты. Ал гидродинамикалық кедергі қан тамырлары арнасының мелшеріне, қанның тұтқырлығына және ағу сипатына қарай өзгеріп отырады. Демек, денеде қанның тамырлармен ағуын қамтамсыз ететін негізгі фактор – әр түрлі қан тамырларындағы қысым айырмасы. Қарынша еттері жиырылған кезде қан белгілі бір күшпен қолқа мен өкпе артериясына қуылады. Ал қанның одан әрі тамырлармен жылжуы ірі артериялар мен веналардағы қысым айырмасына байланысты: қан қысым жоғары тамырлардан қысым төмен тамырларға қарай ағады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет