Дәріс №19. Жүрек және қан тамырларының құрылысы, қан айналу жүйесі


Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері



бет2/7
Дата10.11.2023
өлшемі23,3 Kb.
#190735
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
file-9257 25
Рубежный контроль по философии, пед мамандыкка кириспе, «Педагогикалық менеджмент – басқару қызметінің мәдениетін дамыту және мектепішілік басқаруды жетілдіру факторы», Талапкер сауалнамасы, прак1, Metodicheskie-rekomendatsii-po-oformleniyu-referatov-Operator-DPU-v-HP, file-3798, ЖББ, Шәкәрім атындағ, 33768, лекция 5, лекция 6, презентация Дария Нуржан, эссе, Презентация Что такое тренинг
Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
Жүрек етіне қозғыштық, өткізгіштік, жиырылғыштық, автоматия және рефрактерлік касиеттері тән.

Қозғыштық. Жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық, химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады. Тітіркендірудің нәтижесінде натрий иондары ет талшықтарының ішіне өтіп, мембрана үйексізденеді (деполяризацияланады) де, жүректің қозған бөлігінде теріс заряд пайда болып, оның қозған және қозбаған бөліктерінің арасында потенциалдар айырмасы туыңдайды. Миокард жасушаларында (кардиомиоциттерде) қаңқа етімен салыстырғанда әрекет потенциалы 100 есе ұзағырақ созылады (200-400 мс).

Қозуды өткізгіштік. Қозу толқыны Кис-Фляк түйінінде ерекше ет жасушалары – пейсмекерлерде – пайда болады да, жүрекше еттеріне электрлік жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан әрі қозу толқыны Гис шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарайды. Жүрек еті қозуды әлсіретпей (декрементсіз) өткізеді және оқшауламай барлық ет талшықтарына жая таратады.

Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің әр түрлі бөліктерінде бірдей емес. Жылы қандылар жүрекшелері қабырғасымен ол секундына 0,8-1 м, қарыншалар қабырғасымен – 0,8-0,9 м, қарыншалар өткізгіш жүйесімен 2 – 4,2 м жылдамдықпен тарайды. Салыстыру мақсатыңда қаңқа еттерінде қозудың 4,7- 5 м/сек жылдамдықпен тарайтынын айтып өтейік.

Жиырылғыштық. Қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады. Жүрек еті бұлшық еттермен салыстырғанда шабандау – баяуырақ жиырылады.

Автоматия. Жүрек етінің сыртқы әсерсіз тек ағзаның өзінде туындайтын қозу толқыңдарының ықпалымен жұмыс істеу қабілетін жүрек автоматиясы дейді. Жүрек автоматиясы өткізгіш жүйенің қызметіне байланысты.

Рефрактерлік – қозу үстіндегі жүрек етінің тосын тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті. Рефрактерлік кезең үш сатыға бөлінеді. Олар абсолюттік (толық) рефрактерлік, салыстырмалы рефрактерлік және экзальтация (лепілдеу) сатылары. Систола кезінде жүрек етінің қозғыштық қасиетінің жойылуын толық рефрактерлік деп атайды. Бұл сатыда жүрек еті ешбір тітіркендіргішке жауап бермейді. Жүрек еті босаңсый бастағанда (диастола) оның қозғыштық қасиеті өзгеріп, күшті тосын тітіркендіргішке әлсіз жауап алынады. Бұл сатыны салыстырмалы рефрактерлік деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет