Дәріс №19. Жүрек және қан тамырларының құрылысы, қан айналу жүйесі


Қан қысымы, оған әсер ететін факторлар



бет6/7
Дата10.11.2023
өлшемі23,3 Kb.
#190735
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
file-9257 25
Рубежный контроль по философии, пед мамандыкка кириспе, «Педагогикалық менеджмент – басқару қызметінің мәдениетін дамыту және мектепішілік басқаруды жетілдіру факторы», Талапкер сауалнамасы, прак1, Metodicheskie-rekomendatsii-po-oformleniyu-referatov-Operator-DPU-v-HP, file-3798, ЖББ, Шәкәрім атындағ, 33768, лекция 5, лекция 6, презентация Дария Нуржан, эссе, Презентация Что такое тренинг
Қан қысымы, оған әсер ететін факторлар
Жүрек жұмысына байланысты қанның сығылу дәрежесінің артериялар қабырғасына керілу әсерін артериялық қысым деп атайды. Қан тамырларында кысым оң мағыналы болады. Оған себеп, қан тамырларындағы қанның мөлшері тамырлардың қалыпты сыйымдылығынан артығырақ, көбірек. Соңдықтан қан қысымы жүректен қуылған қан кернеуіне тамырлар қабырғасының керілуге қарсы серпімділігінің, қанның ағуына көрсетілетін жалпы шеткі (сыртқы) кедергінің, қанның тұтқырлығының әсерлерінен пайда болады.

Артериялардағы қысым жүрек айналымының сатыларына қарай өзгеріп отырады. Систола кезінде қысым жоғарылайды, оны максимальды, немесе систолалық қысым, деп атайды. Диастола кезінде қысым төмендейді, оны минималъды, немесе диастолалық қысым, дейді. Систолалық және диастолалық қысым айырмасын пульстық қысым деп атайды. Систолалық қысым сол жақ қарынша етінің физиологиялық жағдайын сипаттаса, диастолалық қысым – артериялар қабырғасы тонусының деңгейін көрсетеді.

Артериялардағы қысым деңгейі жасқа, организмнің физиологиялық күйіне, жүрек жұмысына, денедегі қанның жалпы мөлшеріне, мал түлігінің түріне т.б. байланысты өзгереді.

Тамырдың соғуының туындауы және оны зерттеудің маңызы

Тамыр қабырғасының жүрек жұмысымен байланысты толқын тәрізді тербелістерін тамыр соғу (пулъс) деп атайды. Сол жақ қарыншадан систола кезінде қуылған қан қолқаны тербелте керіп, одан әрі бұл толқын артерияларға таралады да, артериолалар мен капиллярларда басылады. Сонымен, жүрек жұмысына байланысты артерия қабырғасының ырғақты толып-солып отыруын артерия пульсі дейді. Ол тамыр бойымен секундына 8-12 м жылдамдықпен тарайды.

Артерия пульсін арнаулы құрал – сфигмографпен зерттейді, ал артерия пульсін бейнелейтін қисық сызықты сфигмограмма дейді. Жүрек жұмысына байланысты көкірек қуысына жақын орналасқан вена тамырлар да толып-солып отырады. Оның себебі, жүрекшелер жиырылған кезде қуыс веналар сағасында орналасқан сақина еттер жиырылып, қан веналарда іркіледі де, олардың қуысындағы қысым жоғарылап, қабырғалары керіледі. Ал жүрекшелер босаңсыған кезде венадағы қан олардың қуысына құйылады да, венадағы қысым төмендеп, олардың қабырғалары солады. Бұл құбылысты вена пульсі дейді. Вена пульсін флебограф деген аспаппен зерттейді. Вена пульсін бейнелейтін сызықты флебограмма дейді.

Пульсті зерттеу арқылы жүректің жұмысы, жиырылу күші, ырғағы, жүрек қақпақшаларының жағдайы, тамыр тонусы т.б. жайлы құнды деректер алуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет