Дәріс. 2 сағ. Білу керек



бет14/20
Дата08.02.2022
өлшемі482,37 Kb.
#122293
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
44e3a2ae-0bfe-49c1-91a7-8c3843846ea4

Берілу жолдары
1. Алиментарлы жұғу жолдары:
-тағамға жеткілікті термиялық өңдеуден өтпеген немесе термиялық өңдеусіз өнімдерді тұтыну:
- көкөністер (орамжапырақ, оның ішінде ашытылған, шалғам, сәбіз, картоп), көкөніс салаттары , оның ішінде ащы (кореялық) және әсіресе тоңазытқышта сақталған винегрет;
- әсіресе тартылған етте және жартылай дайын өнімдегі ет, құс
өнімдері ; сосиска, хот-догтар, әсіресе вакумды орамалардағы шикілей ысталған және шикілей қайнатылған ет өнімдері, құс өнімдері,;
- сүт өнімдері (шикі сүт, ашыған сүт өнімдері,үйде және фабрикада жасалған жұмсақ ірімшік және сары май, балмұздақ);
- балық, теңіз өнімдері, ысталған балық өнімдері;
- термиялық өңдеусіз ауру кеміргіштердің бөлінділерімен инфекцияланған тамақ тұтыну;
2. Контактылы жұғу жолдары:
- ауру мал мен құсқа күтім жасағанда жеке гигиена қағидаларының бұзылуы (мал мен құс шаруашылығының қызметкерлері, ет және құс комбинаттарын біріншілік өңдеу цехтерінің қызметкерлері, мал дәрігерлері)
- үй жануарларына (ит, мысық) күтім жасағандағы қатынас
- ауыл шаруашылығы, жабайы жануарлардың , құстың, балықтың шикі етімен (жартылай фабрикаттарды қоса алғанда), инфекцияланған сүт өнімдерімен және т.б тұрмыстық немесе өндірістік жағдайда бөлу кезінде байланысу.
- тұрмыстық және өндірістік жағдайда шикі ет, сүт, балық өнімдерін бөлу, сақтау және қайта өңдеу кезінде инфекцияланған, ас үй және технологиялық жабдықпен қатынасу
- ауру кеміргіштердің бөлінділерімен инфекцияланған сыртқы орта объектілерімен қатынасу.
Тұрмыстық қарым – қатынаста:
- иерсиниоздың жіті нысаны бар науқастарға күтім жасағанда жеке гигиена және дезинфекция қағидаларының бұзылуы (қоздырғыш зәрмен, нәжіспен, қақырықпен, бадамша бездерден, тері зақымдануларынан бөлінетін шайындылардан, науқас әйелдердің жыныс жолдарынан бөлінген бөлінділермен, науқас ерлердің спермаларымен, қаннан бөлініп шығады)
- микробиологиялық бейінді мекемелерде және диагностикалық препараттарды өндірген кезде иерсиниозбен жұмыс режимінің бұзылуы
- зертханалық жануарлармен жұмыс жасау
3. Жыныстық жұғу жолы:инфекцияланған серіктеспен жыныстық қатынас
4. Ауалық-тамшылы:
Ауру жануарлар мен кеміргіштердің кеуіп қалған бөлінділерімен инфекцияланған ферма, қоймалар, басқа да өндірістік орынжайларды жинаған кезде инфекцияланған шаң арқылы жұқтыру
-ауа-тамшылы жолмен жіті респираторлы нысанмен ауыратын науқастардан жұғады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет