Клиникалықкөріністері:
Іш сүзегі кекзіндегі жұқпалы ауру процесінің ағымындағцы келесідегідей кезеңдер ажыратылған:жасырын,бастапқы,өршу,реконвалесценция немесе аурудың нәтижелері.
Жасырын кезең орташа 10-14 күн (7-23 күнге дейін болуы мүмкін).Аурудың типтік түрінде ауру баяу басталады.Күн сайын дене температурасы 1°С жоғарлатып (баспалдаққа шыққан сияқты),аурудың 4-5 күндері ол ең жоғарғы шекке жетеді.Ауру жедел басталуы мүмкін.Аурудың жедел басталуының жиілігі XX ғасырдың басында 10-13℅ болса,30-40 жылдары ол 33-45℅жеткен ал 60 жылдары 30-40℅.
Аурудың бастапқы кезеңде науқастарда жалпы сырқатты хал,бүкіл дененің шаршағандай сезімде болуы,бас ауруы,ұйқы мен тәбеттің нашарлауы,еңбекке қабілетінің төмендеуі, субфебрилитет байқалған.Бастапқы кезең бір аптаға жуық созылады.Дене қызуының көтерілуімен қатар улану нышандары да үдеп,ішкі мүшелер зақымданады:тері жабындыларының бозаруы күшейіп,бас ауруы,брадикардия,анорексия білінген.Іштің қатуы немесе өтуі мүмкін.Бұл аурудың ерекшелігі:интоксикация нышандары айқын болады.Науқас аурудың бірінші күні төсек тартып жатады-адтнамия.Сөйлеуге халі болмай,теріс қарап, сұрақтарға жауап бермеуі мүмкін («тәртіпсіз адам» сияқты).Бастапқы кезеңге аса тән нышандар:қызба,әлсіздік,бастың айқын ауруы,ұйқының бұзылуы.Бұл көріністер эндоксиннің әсерінен дамиды.
Аурудуң өршу кезеңінде аурудың барлық нышандық жинақтары дамиды.Өршу кезеңінің ұзақтығы 1-2 апта.Дене қызуы әрқашан жоғары қалыпта сақталады.Науқастардың көбінде сүзек статусы дамып,розеолдар білінеді,ортылық жүйке жүйесінің қызметі бұзылып,жүрек-тамыр жүйелері,ішектер,тыныс алу мүшелері де зақымға ұшырап,олардың қызметтері де бұзылады.
Аурадың негізгі нышаны-қызба.Өршу кезеңінде дене температурасы- 39-40 градус.Қызбаның сипаты-тұрақты.Таңертеңгі температурамен кешкі температураның айырмашылығы 1 С-тан аспайды.Сондықтан науқаста қалтырау,тершеңдік белгілері болмайды.Науқас тек қызып жатады.Қызба қисықтарының түрлері:Вундерлих,Кюльдешевский және Боткин қызбалары.Типті қызба қисығы-Вундерлих қисығы.Дене температурасы трапеция тәрізді.Кюльдешевский қисығы-жазықтық,ал Боткин қисығы-толқын тәрізді болады.Бірақ қазіргі таңда антибиотиктер қолданылғаннан соң қызба қисықтарының заңдылығы сақталмайды,олар әр түрлі болуы мүмкін.Айқын интоксикация дамып Status typhosus (естің бұзылуы,сопор,кома,делирий)қалыптасуы мүмкін.Бастың айқын ауруы,ұйқының қашуы науқастарды қатты мазалайды.Науқастың ьері жабындылары бозғылт,кейде алақандары мен табандары сарғаюы дамуы мүмкін-Филлипович симптомы.Ол бауыр зақымдалғанда каротиннің алмасуы пайда болуының әсерінен дамиды.
Организмнің интоксикациясы дамыған кезде жүрек-қантамыр жүйенің зақымдануы міндетті түрде қалыптасады.Іш сүзегіне аса тән бұзылыстарына салыстырмалы брадикардим,пульстің дикротиясы,гипотония,миокардиодистрофия,миокардит жатады.
Негізгі патологиялық процесс ас қорыту жүйесінде дамиды.Науқастарда фулигинозды(сүзектік)тіл симптомы пайда болады.Тіл ісініп,қалың қоңыр түсті жабынмен жамылып,тістердің іздерімен сипатталады.
Аурудың келесі маңызды нышаны-ол метеоризм-іштің кебуі.Науқастарда ішектің парезі дамығаннан соң дәреті тоқтап қалуы мүмкін,кейде диарея дамуы мүмкін.Нәжістің сипаты ащы иісті бұршақ тәрізді сорпаға ұқсайды. Оң жақ илео-цекальды айақта іштің ауру сезімі,шырылдауы,анықталды,салыстырмалы перкуссия жүргізгенде оң жақ мықын аймағында перкуторлы дыбыс тұйықталады (Падалка симптомы).Непатомегалия және спленомегалия дамиды.
Іш сүзегінің маңызды диагностикалық белгілеріне бөртпе жатады.Бөртпе мономорфты болады:морфологиялық сипаты-розеола ( көлемі 2 мм дейін дақ).Бөртпенің денеге шығу мерзімі іш сүзегі кезінде заңдылықты түрде бактериемия кезеңіне сәйкес келеді:аурудың 8-10 күндерінде пайда болады.Бөртпенің орналасқан жері-қарыннаң алдыңғы қабырғасы,кеуде.Розеолалардың саны 1-5-10.Бөртпеге тағы да бір тән сипаттамасы бар-ол үстемелі феномен:бөртпе денеге біртендеп шығады.Бұрын пайда болған розеолалар жойылып жаңа бөртпелер пайда болды.Бөртпені анықтау дәрігердің тәжірибесіне байланысты.Бұл бөртпелерді табуы үшін аурудың күнін анықтау қажет, тері жабындыларын күн сайын тексеріп тұру тиісті.Пайда болған розеолалар 1-5 күн аралығында із қалдырмай жойылып кетеді.
Іш сүзегі кезінде тыныс алу мүшелерінің бұзылуы соңғы жылдары сирек кездесіп отыр.
Іш сүзегінің типтік және атиптік ағымы ажыратылмаған.Типтік түрі циклді өтеді.Ал атипті түрі жеке мүшелер мен жүйелердің бұзылу нышандарының басымдығымен өтетіндігі белгілі.Аурудуң абортивті түрі дамығанда ауру типі басталып,біоақ өкріністері қысқа мерзімді болады.Айығу кезеңі тез қалыптасады.Аурудың амбулаторлы түрі аурудың жеңіл түріне ұқсас болады.Аурудың көмескі түрінде клиникалық белгілер аздап білінеді,оған науқастарда көңіл аудармауы мүмкін.Бактериотасымалдаушылық кезінде клиникалық көріністер мүлдем пайда болмайды.Транзиторлы бактериотасымалдаушылық кезінде қоздырғыштық кездейсоқ түрде бөлінеді.Өте сирек жағдйда қоздырғыш ұзақ уақыт бойы бөлінуі мүмкін.Реконвалесценция кезеңі қызбаның жойылуымен және мүшелердің барлық қызметтерінің біртіндеп тұрақтанумен сипатталған.Кейбір науқастарда ұзақ уақыт бойы әлсіздік,шаршағандықтың жоғарылауы сақталмақ.Науқастардың 3-10%,аурудың қайталануы-рецидиві дамуы мүмкін.