Дәріс. 2 сағ. Білу керек


Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі



бет3/20
Дата08.02.2022
өлшемі482,37 Kb.
#122293
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
44e3a2ae-0bfe-49c1-91a7-8c3843846ea4

Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі :
1.Типтік түрі-жеңіл
орташа ауыр
ауыр
2.Атиптік түрі-абортивті
амбулаторлы
көмескі
3.Сирек кездесетін түрлері
менинготиф
пневмотиф
колонотиф
нефротиф
4.Бактериотасымалдаушылық
транзиторлы
жедел
созылмалы
5.Асқынулары арнайы:
-ішектен қан кету
-ішек перфорациясы,перитонит
-инфекциялық-токсикалық шок
арнайы емес;
-пневмония
-менингит
-пиелит
-паротит
-тромбофлебит

Асқынулары:
Іш сүзегінің асқынулары арнайы және арнайы емес болады.Арнайы асқынулар осы аурудың қоздырғышының әсерінен дамиды.Сүзектік жаралар пайда болған жағдайда жараның түбі қан кету асқынуы дамуы мүмкін.Жараның түбі ішектің қабықшасы болса ішек тесіліп (перфорация),перитонитке әкеліп соғуы мүмкін.Бұл асқынуларды жараның пайда болу мерзімінде,яғни аурудың 2-3 апталарында пайда болуын ескеріп алдын алу шараларын қолдану керек.Ішектен қан кетідің нышандары-терінің бозаруы,құрғауы,дене қысымының төмендеуі және түсуі,пульстің жиілеуі,күретамыр қысымының төмендеуі,іштің кебуі және перистальтиканың күшеюі.Аурудың арнайы асқынуларының қатарына инфекциялық-токсикалық шок жатады,себебі ол қарқынды бактериемия,токсинемия кезінде дамиды.
Арнайы емес асқыну басқа микрофлорамен қоздырылады.Арнайы емес асқынуға өкпе қабынуы,ми қабықшаларының қабынуы,бүйректің қабынуы және тағы басқалары жатады.Басқа асқынуларда өкпенің қабынуы мүмкін,аурудың барлық кезеңінде отит,паротит,цистит,пиелонефрит,тромбофлебит,остеомиелит және т.б дамиды.
Диагностикасы:
Іш сүзегін анықтау алгоритмі №1 кестеде көрсетілген.
Іш сүзегін танып-білу үшін клиникалық мәліметтерден басқа,зерттеудің лабораториялық әдістерінің нәтижелеріне,эпидемиологиянық анамнезге сүйену керек.
Салыстармалы диагнозды қызбамен сипатталатын барлық жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен жүргізу қажет:жедел респираторлы аурулармен,өкпе қабынуымен,миоиарлы туберкулезбен,туберкулезды менингеитпен,бруцеллезбен,безгекпен,мононуклеозбен,лептоспирозбен,сепсиспен және т.б.
Емдеуі:
Іш сүзегінің ағымы мен нәтижесі дұрыс күтімге,диетаға,антибактериальды және патогеникалық ем жүргізу тәртібіне байланысты.Іш сүзегінің емдеуі комплексті болуы керек.Науқасты тыныштықта,жайлы төсекте күту керек.Маңызды мәнді ауыз қуысы мен теріні күту жағдайы алады.Төсекте жату режмін 6-7 күнге дейін сақтағаны дұрыс.Ал 7-8 күндері науқастың отыруына рұқсат етіледі,10-11 күндері дене қысымы тұрақтанса,жүріп тұруға рұқсат беріледі.Науқастарға №4 және 4б,сосын4в,2диета тағайындалады.Іш сүзек-парасүзек аурулары кезінде антибиотиктердің ішінен ең тиімдісі-левомицитин болып табылған.Сонымен қатар ампициллинді де пайдалану қолайлы.Левомицетинді тәулігіне 6 реттен 0,5 г белгілейді,қалыпты дене температурасының 3 күнге дейін,ал 3-10-шы күні тәулігіне 4 реттен 1г мөлшерінде пайдалану.
Қоздырғыш антибиотиктерге тұрақты болған жағдайда бактрим(бисептол)қолданылады,күніне 2-3 реттен таблетка немесе интрофуран препараттар(фуразолидон)күніне 4 реттен 0,15-0,2 г.Соңғы жылдары фторхинолондар тиімді препараттар болып табылды.(пефлоксацин 0,4г. х2 ет,ципрофлоксацин 0,5г. х 2 рет)
Ішектен қан кеткенде қатаң төсек режимі керек,шалқасынан 12-24 сағат бойы жатқызу.Қарынға суық басып,10-12 сағат аралығында тамақ ішуге тыйым салынып,ішетін сұйықтықтың мөлшері 500мл дейін шектеледі.
Науқастарды ауруханадан дәрігер-инфекционистің бақылауы және рұқсаты бойынша шығарады.Қосымша ауруларды емдеу мақсатқа сәйкес жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет