АУРУ КЛИНИКАСЫ: Жасырын кезең 6-8 сағаттан 7 күнге дейін.Жасырын кезеңнің ұзақтығы организмге түскен токсиндердің мөлшеріне байланысты.Егер мөлшері көп болса онда жасырын кезеңі аз болады.Көз симптомдары дамиды.Аурулар көз алдындағы тұманға,дипломияға шағымданады.ТОЗ болады,ол жоғары қабақтың төмен түсуі.Анизокория-ол екі көз қарашығының әр түрлі болуы,көз қылилануы-страбизм болады.Аурудың дауысы қырылдайды,жұтыну бұлшықеттері салданады,жұтыну қызметі бұзылады,тамақта түйір тұрған сияқты сезім пайда болады және аурулар тамақ іше алмайды, өйткені,жұмсақ таңдайдың салдануына байланысты тамақ кері төгіледі.Дене қызуы қалыпты немесе субфебрильді болады.Пульс жәй және толық емес,күйі аз болады.Ауыр т.рінде әлсіздік күшейеді,сопақша ми зақымданғандықтан тыныс алу жүйесі бұзылады.Тыныс алу үстірт,ентігу 40-50 рет минутына тұншығу,қылғыну және тыныс алу орталығының салдануынан тыныс алу тоқтап қалуы мүмкін.Түскен мөлшеріне байланысты жеңіл, орташа, ауыр және өте ауыр түрлері болады.Жеңіл ағымында белгілері көп көрінбейді,салдану болмайды.Ауыр түрлерінде аурудың жазылуы ұзаққа созылады (2-3 айда).
ДИАГНОСТИКАСЫ:Диагноз түрі симптомдары мен эпид анамнезіне байланысты қойылады.Сонымен қатар тағамда қолданылған консервілер,кептірілген ет,шұжық,саңырауқұлақтарда саналады.Қанды,құсықты,несепті,нәжісті,ауру қолданған тамақ қалдықтарын тексереді.
ЕМДЕУ: Міндетті түрде ауруханаға жатқызу.