Аурудың ұзақтығына байланысты мыналарға жіктеледі · жіті (1–3 ай);
· өткір (3–6 ай);
· созылмалы (6 айдан көп) иерсиниоз.
Клиникасы: · иерсиниоздар кезінде инкубациялық кезең жиі 1-6 күнге созылады, бірақ 15 күнге дейін және одан да көп күнге созылуы мүмкін;
Иерсиниоздардың барлық нысандары үшін дене температурасының көтерілуі және әр түрлі дәрежелі белгілері бар интоксикация симптомдары тән:
· аурудың жіті басталуы;
· бас ауруы;
· жалпы әлсіздік;
· тәбеттің жоғалуы;
· буындарда, бұлшық етте, сүйектердегі және т.б. ауырсынулар.
Эпидемиологиялық анамнез: Иерсиниоздар жағдайында инфекцияны қоздырғыштың берілу тетіктерінің саналуандығы орын алады (дәреттік-ауыз, контактылы, алиментарлы, ауалық-тамшылы, трансплаценталы, жыныстық ). Сыртқы ортада иерсинияның кең таралуы мен жоғары тұрақтылығы, инфекцияның таралу жолдары мен факторларының саналуандығы дұрыс эпид.факторды бөлуді мүмкін емес етеді. Клиникалық-эпидемиологиялық деректерге негізінелген иерсиниоздардың ықтимал жағдайын диагностикалау да қиындатылған. Жеке меншік үйде өмір тұру, жануарлармен немесе мал шаруашылығы өнімдерімен қатынау, тағамға шикі көкөністерді, ет, сүтті қолдану тәуекел факторлары болып табылады.