Мұндай аппараттардың тік қондырғылармен салыстырғанда кемшіліктері де бар: олардың көлемдері ірі және металды; мұржалардың сыртын механикалық тазарту қиын болғандықтан, кристалданатын ерітінділерді буландыруға жарамсыз; көлденең бу мұржаларының (олардың ішінде конденсат қабаты жиналады) жылуберу коэффициенттері жоғары емес.

Жоғарыда көрсетілген кемшіліктердің салдарынан, ерітіндісі еркін циркуляцияланатын буландыру аппараттары қазіргі кезде көптеген өндірістерде құрылысы анағұрлым жетілдірілген буландыру аппараттарымен, жеке жағдайда, тік түтікті аппараттармен ығыстырылған.
Өздігінен циркуляцияланатын, бағытталған тік аппараттар. Мұндай типті аппараттарда буландыру ерітіндінің көп рет, өздігінен циркуляциялануы арқылы жүзеге асады. Құрылысы басқа аппараттармен салыстырғанда олардың бірталай артықшылықтары бар. Сондықтан, олар өнеркәсіпте кең қолданылады.

Мұндай аппараттардың негізгі артықшылығы көп ретті ұйымдастырылған циркуляция кезінде жабық контурда мұржа бетіне қақтың жиналу жылдамдығын төмендететін ерітіндіге жылу беруді жақсарту болып табылады. Бұл аппараттардың көбі кішігірім, өндіріс орнының үлкен емес ауданын алады; оларды тексеру және жөндеу қолайлы.
Іштен жылытатын камералы және орталық циркуляциялық мұржасы бар аппараттар. 1 тік корпустың астыңғы жағында (сур. 28) екі мұржалы торлардан құралған жылытатын камера орналасқан. Ал торларға қайнататын мұржалар (биіктігі 2-4м) және камера осі бойынша бекітілген диаметрі үлкен циркуляциялық мұржа тіркелген. Жылытатын камераның мұржааралық кеңістігіне жылытылған бу беріледі.

Буландырылған ерітінді аралық немесе соңғы өнім ретінде аппараттың түбіндегі төменгі штуцер арқылы әкетіледі.