Азық-түлік тауарлардың сапасына әсер ететін факторлар.
Сақтау кезінде негізгі мәселе сапаны төмендететін немесе бұзылуға әкелетін процестерді болдырмау немесе тежеу. Сақтау кезінде тауардағы әртүрлі процестердің тежелуі немесе үдеуі температураға, ылғалдылыққа және ауа құрамына, қоймаларды желдету және жарықтандыруға, тауарлық көршілестікке, тауарларды қаптау және орналастыруға және басқа да факторларға байланысты.
Азық-түлік тауарлардың шығындары.
Азық-түлік сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде тауарлардың сандық шығындары пайда болады, олар нормадағы және актіленген болып бөлінеді.
Нормаланған шығын - массаның табиғи шығыны және тауарды сатуға дайындау кезінде түзілетін қалдықтар (шұжық, балықты, сары майды тазалау; қант-рафинад, кондитерлік өнімдерді сату кезінде ұнтақтардың түзілуі және т.б.) жатады. Сонымен қатар оған өзіне-өзі қызмет көрсету азық-түлік дүкендерінде түзілетін тауарлардың нормадан тыс табиғи шығыны жатады.
Табиғи шығын - табиғи себептерден туындайтын тауар массасының жоғалуы. Оның негізгі себептері кебу, ағу, үгітілу т.б. жатады. Табиғи шығындардың мөлшеріне шикізаттардың физика-химиялық қасиеті, сақтау мерзімі мен жағдайлары, қаптама түрі, климаттық жағдай және жыл мерзімі әсер етеді. Шығындарды төмендету үшін қабылданатын шикізат сапасын мұқият бақылау, сақтау тәртібін қадағалау және өлшенген өндіріске дайын шикізаттардың өңдеуге жіберу көлемін арттыру керек.
Бақылау сұрақтары:
Азық-түлік тауарлары неше топқа жіктеледі?
Саудада азық-түлік тауарларын қанша топқа бөледі? Оларға қандай тауарлар жатады?
3. Азық-түлік тауарларын сақтаудың мақсаты?
4. Ассортимент дегеніміз не? Ол қанша түрге бөлінеді?
5. Тауар сапасы деген не?
6. Тамақ өнімдерінің сапалығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер?
7. Сапалылығы бойынша тамақ өнімдерін қай класстарға жіктейді?