Негізгі ұғымдар тізбесі:биоценоз түрлік құрылымы, түрлік алуантүрлілік, аз санды түрлер, кеңістіате түрлердің таралуы, биоценоздардың төзімділігі, экологиялық қуыс.
Табиғи ортадағы әр түрлі түрлердің популяциялары жоғарғы деңгейдегі- бірлестіктер мен биоценозға бірігеді. Бірлестік пен биоценоз ғылыми мағынада синонимдер емес. Биоценоз белгілі бір биотопты қатаң түрде мекендейді, сондықтан кеңістікте нақтылы оның шекарасы шектелген. Ол міндетті түрде продуценттерден, консументтерден және редуценттерден тұрады. Ал бірлестік сол сияқты әр түрлі түрлердің популяциялар жүйесі бір – бірімен бәсекелесетін және экологиялық қуыстардый қалыптастыратын түрлерден тұрады. Бірақ міндетті түрде барлық үш биотикалық экологиялық компоненттерден тұруы міндеттіемес.
Белгілі бір ареалда бірлесіп бірге тіршілік ететін және бір-бірімен байланысты алуантүрлі түрлердің бүкіл жиынтығы биоценоз ("биос"-өмір, "ценос"-бірлестік) деп аталады. Бұл атауды 1877 жылы неміс ғалымы К. Мебиус Солтүстік теңіз устрицаларын зерттегенде қолданып, ғылымғаенгізді.
Табиғатта биоценоз әртүрлі масштабта болады. Қолдан жасанды биоценоздарды - аквариум, террариум, теплица, оранжереяларды жасауға болады. Барлық жағдайда бір-бірімен байланыс арқылы тіршілігін қолдайтын және абиотикалық жағдайлардың жиынтығына бейімделген, бірігіп тіршілік ететін организмдер бірлестігін көреміз. Биоценоз әртүрлі организмдердің кездейсоқ жиналуы емес. Табиғи жағдайларда және флора мен фаунаның жақын құрамының жағдайы ұқсас болғанда, занды түрде қайталанатын биоценоздар пайда болады. Биоценоз мүшелері тура және жанама қоректік қатынаста байланысып, бір-біріне қоректік ортаны құрайды және бір-бірінің сандарын өзара шектейді. Түрлер бірлесіп тіршілік етуге ұзақ эволюция барысында бейімделеген. Биоценозда үнемі табиғи сұрыпталу мен тіршілік үшін күрес процестері жүріпотырады.
Кез келген биоценоз –ішкі күрделі құрылымы бар, түрлер арасындағы байланыстар арқылы реттелетін- күрделі табиғижүйе.