Биоценоздағы пайда болатын өзгерістер тіршілік ететін түрлердің төзімділігіне
айланысты. Мысалы, бір бәсекелеуші түр басқа түрді ығыстырса, егер осы түр көп санды басым түрге жатпаса, онда биоценозда күрделі өзгерістерболмайды.
Аз санды түрлер- биоценоздың әлсіз бөлігі. Олардың популяциясы өміршеңдіктің шегіңде жиі орналасады. Сондықтан олар биоценоз құрамынан бірінші кезекте биоценоздың жағдайын нашарлататын антропогендік әсерлерден жойылып отырады.
2. 1942 жылы В.Н.Сукачев биогеоценоз түсінігін енгізді, сөйтіп биогеоценологияның негізін қалады. Сукачевтің анықтамасы биогеоценоз грекше биос –тіршілік, гео-жер, ценоз бірлестік деген мағынаны білдіреді. Биогеоценоз жер бетінің белгілі бір участігіндегі біркелкі табиғи элементтердің (атмосфераның, тау жыныстарының, өсімдік пен жануарлар, микроағзалар әлемінің, топырақтың және гидрологиялық жағдайлардың ) жиынтығы. Биогеоценоздың контуры өсімдік бірлестігінің шекарасы арқылы белгіленеді. Биогеоценоз- экожүйенің белгілі бір бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |