Кеңістікте түрлердің таралуы. Биоценоз үшін түрлердің кеңістікте таралуы заңды құбылыс. Бұл таралудың негізін өсімдіктер әлемі қалыптастырады. Жапырақтардың орналастыруы - өздерінің өсу пішініне және жарық сүйгіштігіне байланысты, биоценозда өсімдіктер ярустылық құрайды. Әдетте орманда өсімдіктер 5-6 ярус құрайды. Аз санды түрлер, әдетте стенобионтты түрлер жиі нақтылы орта күйінің мысалы, жалпақ жапырақты ормандарда 5-6 ярустарды құрайды.
Сонымен қатар жануарлар да өсімдіктер әлемінің ярустарында да тіршілік етуі мүмкін, бірақ өздерінің қозғалғыштығына байланысты әртүрлі жануарлар бірден бірнеше ярусты меңгеруі мүмкін. Мысалы, тиіндер ағаштарда өздерінің ұяларын тұрғызады, оған балаларын салып шығарады, ал жаңғақ, саңырауқұлақ, жидектерді жерден жинайды. Биоценоздың кеңістіктік құрылымында ярустылықпен қатар мозаикалық - горизонталды бағытта өсімдік пен жануар әлемінің өзгеруі. Бұл құбылыс, әсіресе жерүсті жамылғысының құрылымында жақсы көрінеді. Әртүрлі микротоптардан құрылған мозаикалар. Мысалы, төмпешік, томар өсімдіктері, ормандағы жарық түсетін «терезелерде» өсетін жарық сүйгіш өсімдіктер, ағаштар астындағы – көлеңкеге төзімді өсімдіктер, мүктердің дағы немесе жалаң грунт. Мозаикалық та, ярустылық сияқты көптеген факторлардың әсерінен пайда болады, сондықтан бірлестіктегі экологиялық бұзылыстардың жақсы белгісі болып табылады. Мозаикалық ауданы түрлердің алуантүрлілігінен, олардың сандық байланысынан, ландшафты және топырақ жағдайларының өзгеруіне байланысты. Мозаикалық жасанды түрде де пайда болуы мүмкін- адамдардың ормандарды кесуі нәтижесінде шабылған жерлерде жаңа бірлестік қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |