Дәріс 6 Саяси жүйе



бет1/5
Дата08.03.2023
өлшемі184,71 Kb.
#171498
  1   2   3   4   5
Байланысты:
саясаттану 6

ДӘРІС 6

Саяси жүйе

Дүниеде табиғаттың барлығы да жүйеге келтірілгеніндей, қоғам мен оның жүйелік бөліктері де бір тәртіппен орналасуы керек. Бұл тәртіпті қоғамға қатысты алғаш рет қолданған Т. Парсонс пен Р. Мертон болатын. Жалпы алғанда ғылымда жүйелік әдіс саяси жүйелерді қоршаған ортаның әсерін сезінетін ағза ретінде қабылдауына негізделеді.

  • Дүниеде табиғаттың барлығы да жүйеге келтірілгеніндей, қоғам мен оның жүйелік бөліктері де бір тәртіппен орналасуы керек. Бұл тәртіпті қоғамға қатысты алғаш рет қолданған Т. Парсонс пен Р. Мертон болатын. Жалпы алғанда ғылымда жүйелік әдіс саяси жүйелерді қоршаған ортаның әсерін сезінетін ағза ретінде қабылдауына негізделеді.
  • «Жүйе» ұғымын алғаш айналымға австриялық биолог Фон Берталанфи енгізді, дегенмен жүйе, саяси жүйе теориясын кеңірек зерттегендер Т.Парсонс, Д.Истон, Г.Алмонд т.б. секілді ғалымдар болды. Ал нақты түрде саяси жүйе теориясы 1950 жылдың ортасынан бастап қалыптаса бастады. Оның қалыптасуына негіз ретінде екі көзқарас: бихевиористік, жүйелік және құрылымдық-функционалдық теориялар алғышарт болды.
  • Американ ғалымы Толкотт Парсонс әлеуметтік жүйе қоғамды әлеуметтік бірлестік,фидуциарлы, саяси және экономикалық жүйе деп аталатын төрт жүйенің бірлескен әрекеті ретінде көрсетті. Бұл үлгіде бірінші жүйе ережелерден тұрады және интеграция қызметін атқарады; екіншісі – құндылықтардан тұрады және үлгінің ұдайы өндірісіне жауап береді; үшіншісі - ұжымдардан қалыптасады және мақсатқа жетуге қызмет етеді; төртіншісінің құрылымдық өндірістік компонент ретінде рөлі бар, ал олардың барлығының негізгі міндеті - әлеуметтік жүйенің бейімделуі (адаптациясы) деп көрсетті.

Саясаттануда саяси жүйе ұғымын алғаш қолданған ағылшын ғалымы Дэвид Истон. Ол саяси жүйені физикалық, биологиялық, әлеуметтік және психологиялық шеңберлерде қарастырды. Д. Истон саяси өмірді белгілі бір әлеуметтік ортада болатын бағыттық жүйе ретінде зерттеуді заңды деп санайды және ол ең алдымен саяси жүйенің қажеттілік мақсаты ретіндегі негізгі қызметтерін бөліп алады:

  • Саясаттануда саяси жүйе ұғымын алғаш қолданған ағылшын ғалымы Дэвид Истон. Ол саяси жүйені физикалық, биологиялық, әлеуметтік және психологиялық шеңберлерде қарастырды. Д. Истон саяси өмірді белгілі бір әлеуметтік ортада болатын бағыттық жүйе ретінде зерттеуді заңды деп санайды және ол ең алдымен саяси жүйенің қажеттілік мақсаты ретіндегі негізгі қызметтерін бөліп алады:
  • - қоғамда адамдар арасында игіліктер тең бөлінбеген, оларды бөлісу үшін қоғамда үнемі қайшылықтар мен кикілжіңдер туындайды. Сондықтан, оларды бөлуді ұйымдастыратын арнайы ережелер, мекемелер қажет. Сол себепті ең алдымен саяси жүйенің қоғамдағы құндылықтарды бөлу қабілеті болуы керек, оның пайда болуына да осы қажеттіліктер алғышарт болады;
  • - құндылықтарды бөлу кезінде адамдарда «Неге бұлай бөлінуі тиіс?» - деген сұрақ туындайды. Саяси жүйе құндылықтарды дәл осылай бөлудің міндетті, дұрыс әрекет екендігіне халықтың көзін жеткізуі тиіс.
  • Истонның көзқарасы бойынша саяси жүйе дегеніміз – саяси құрылымдардың жәй ғана өзара қарым – қатынастар жүйесі емес, керісінше, үнемі өзгеріп отыратын, қызметтік, немесе, қызмет атқаратын динамикалық жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет