Бұл негізде олар саяси жүйені үш категорияға бөледі: қарапайым, дәстүрлі және қазіргі заманғы. Қарапайым жүйелер үздіксіз саяси құрылымдарды иеленеді, “приходтық мәдениетке” сәйкес келетін құрылымдық дифференциацияның керекті минимумін иеленеді. Дәстүрлі жүйелер үшін дифференцияланған үкіметтік -саяси құрылым және саяси ұстанымдары көзқарасынан “бағыну мәдениеті” тән. Қазіргі заманғы құрылымдарға тек үкіметтік-саяси құрылым ғана сипатты емес (заңнамалық, атқарушы, соттық), сонымен қатар оның белгілеріне дифференцияланған саяси инфрақұрылым, саяси партиялар, мүдделі топтар, жаппай коммуникация құралдары жатады. Саяси мәдениет сәйкесінше “қатысу мәдениетімен” көрсетілген.
Г. Алмонд осы көрсетілген белгілеріне, ең алдымен саяси құрылымы мен саяси мәдениет деңгейіне қарай саяси жүйелердің төмендегі түрлерін қарастырады:
Г. Алмонд осы көрсетілген белгілеріне, ең алдымен саяси құрылымы мен саяси мәдениет деңгейіне қарай саяси жүйелердің төмендегі түрлерін қарастырады:
- Ағылшын-американдық жүйе: ол - еркіндік, теңдік, түрлі жүйелердің ең еркін типтерін қамтиды. Бұл көбіне ағылшындық негізде құралып, бірақ, өзге мәдениеттердің ең еркін деп саналатын, дәстүрлі нормалардың сақталмайтын жаңашылдықтарымен толыққан жүйелерге қатысты. Мәселен, АҚШ, Австралия және т.б. мемлекеттерге өз дәстүрін ұстанбайтын, үнемі жаңа демократиялық нормаларды қалыптастыруға ұмтылатын елдерді осы жүйеге жатқыза аламыз. Оның пікірінше, англо-американдық саяси жүйені (АҚШ, Ұлыбритания) саяси процестің қатысушылары: мемлекет, саяси партиялар, мүдделі топтар арасындағы саяси рөлдер мен міндеттердің жоғарғы деңгейде бөлінуі ерекшелендіреді. Саяси жүйе біртекті мәдени ортада қоғамдағы жалпы мойындалған либералды құндылықтарды: еркіндік, қауіпсіздік, жеке меншік қорғауға бағытталған деп анықтайды.
- Континенталды-еуропалық: ескі еуропалық және жаңа демократиялық нормалар синтезде өмір сүреді. Мұнда дәстүрлі нормалар жойылмайды, алайда оның формасы жаңаша сипатқа бейімделе бастайды. Бұған Батыс Еуропадағы Италия, Франция, Испания және т.б. мемлекеттердегі жүйелер жатады. Аталмыш саяси жүйе (Батыс Европа елдері) саяси мәдениеттің көп түрлілігімен, ұлттық мәдениеттердің ішінде қарама-қарсы бағыттардың, идеалдардың, құндылықтардың қандай да бір топқа, этносқа, класқа, партияға тән болуымен сипатталады.Сондықтан саяси рөлдердің және қызметтердің бөлінуі қоғамдық ауқымда емес, класстың, топтың, партиялардың және т.б. ішінде жүріп жатады. Сонда да әртекті субмәдениеттердің болуы қоғамда келісім табуға бөгет жасамайды, себебі ортақ мәдени негіз - либералды құндылықтар бар.

- Индустриалдыға дейінгі: бұл жүйелерде билік негізінен салт-дәстүрге сүйенеді, өндіріс нашар дамыған, демократия мен еркіндік тек дәстүр тұрғысынан ғана ұғындырылады. Одан әрі индустрияға дейінгі және ішінара индустриалды саяси жүйелер аралас саяси мәдениетке ие. Олар негізінен клан, ру, қауым, тайпаның құндылықтары жататын жергілікті саяси субмәдениеттерден тұрады.(Шығыс Азия,Африка, Латын Америкасы);
- тоталитарлық: билік күштеу мен қатал тәртіп негізінде жүзеге асады. Құндылықтар тек бір орталықтан идеологияланып ұсынылады. Тоталитарлы саяси жүйелер класстық, ұлттық немесе діни құндылықтардың басымдығы негізінде жұмыс істейді. Билік қоғам мен индивидтің өмір тұрмысының барлық жақтарын бақылаушы билеуші партияның немесе жеке топтардың қолында монополды шоғырланып қала береді.