Дәріс №7-8 Тақырыбы: Өсімдіктердің инфекциялы немесе жұқпалы аурулары Мақсаты


Облигатты немесе биотрофты паразиттер



бет5/17
Дата07.02.2022
өлшемі66,68 Kb.
#85180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәріс.№7-8

Облигатты немесе биотрофты паразиттер. Бұлар тек тірі ағзада ғана тіршілік ете алады, жасанды орталарда өспейді. Бұл топқа тат, ақұнтақ, жалған ақұнтақ және қаракүйе ауруларын қоздыратын саңырауқұлақтар жатады. Олар тек ие-өсімдіктің жасушасындағы дайын органикалық заттармен қоректенеді. Осы- ның салдарынан өсімдік ұлпаларында патологиялық өзгерістер байқалады. Мәселен, қолайлы жағдай болғанда, тат ауруы қоздыр- ғышы споралары ие-өсімдіктің жапырағы немесе сабағы үстінде өніп, инфекция жіпшесі ішкі ұлпаларға еніп, гаусторийлер береді. Олар өсімдік жасушаларындағы дайын органикалық заттарды соруға арналған. Саңырауқұлақ жіпшелері өсімдік ұлпаларында, кейін жапырақтың немесе сабақтың жабынды қабықшасы астында шоғырланып, 5-10 тәуліктен кейін оны жарып шығатын пустулалар (күлдіреуіктер) түзеді. Патогеннің ие-өсімдікпен қатынасы мұнымен бітпейді, ол бидай масақтанып, дән толысатын мерзімге дейін жалғасады. Алдымен жапырақ немесе сабақ үстінде урединио-споралар түзілсе, кейіннен олардың орнында телиоспоралар пайда болады. Патологиялық үрдіс 1-2 айға дейін созылуы мүмкін. Нәтижесінде өсімдікте фотосинтез екпінділігі төмендейді, судың тасымалдануы артады, біраз физиологиялық және биохимиялық өзгерістер болады. Осының бәрі дақыл түсімділігіне әсер етпей қоймайды. Масақта дән байлануы, оның салмағымен қатар сапасы да төмендейді. Астық дақылдарының өсу кезеңі соңына қарай жапырақтар мен сабақтарда түзілетін телиоспоралар өсімдік қал- дықтарында келесі жылға дейін тіршілік қабілеттігін жоймай, тыныштық қалпында сақталады. Ие-өсімдік апат болса, патогеннің де тіршілігі тоқталады.
Жетілген паразитизмнің екінші мысалы ретінде астық дақыл- дарының қаракүйе ауруларын қоздыратын саңырауқұлақтарды келтіруге болады. Ұзақ эволюция нәтижесінде олардың арасындағы қарым-қатынас әбден жетілген. Мәселен, тұқым үстіне қонған телиоспоралар немесе ұрықта сақталатын мицелий топыраққа себілген тұқыммен бірге өніп, оның өскініне енеді. Патогеннің жіпшелері тарамдалып, өсу нүктесіне жетіп, сонда шоғырланады. Олар да ие-өсімдіктің дайын органикалық заттарымен қоректенеді. Дәнді дақылдардың масақтануына дейін ауру қоздырғышының бар- жоғы сырттай білінбейді. Бірақ, ол жаңадан пайда болып келе жатқан болашақ масақта шоғырланып, толықтай торлайды, өздерінің көбею мүшелерін - телиоспорларды түзе бастайды. Пато- ген үшін ие-өсімдіктің апат болуы тиімсіз, өйткені онда, өзі де өледі, сондықтан да ол себелесе тіршілік еткендей болады. Өсім- діктер масақтанған кезде өзекшесінен басқа барлық мүшелері мұржа күйесі тәріздес қаракүйе спораларына айналғанын байқай- мыз. Қатты қаракүйеге шалдыққан масақтарда дән орнына миллиондаған споралардан тұратын түйіршіктер түзіледі.
Облигатты паразиттер, көбінесе, жақсы күтіп бапталған өсім- діктерді таңдайды. Олардың ферменттері ие-өсімдіктің жасушала- рын бүлдірмей, соңғылары ұзақ мерзімге дейін өзіне тән қызмет- терін істей береді.
Вирустар да облигатты паразитті ағзаларға жатады. Басқа тірі ағзалардан ерекшелігі, қуат көзі мен қоректік заттарды өңдеп, игере алатын арнайы аппараттың болмауы. Олар ақуызбен
қорғалған нуклеин қышқылынан ғана тұрады. Соңғысы өсімдіктер жасушысына енісімен қызметін вирус бөлшектерінің көбеюі үшін бағыттайды. Ие-өсімдікке қажет химиялық үрдістер баяулап, жасу- шадағы органикалық қосылыстар вирустың жаңа бөлшектерін түзуге жұмсалады. Плазмодесма арқылы нуклеин қышқылы көрші жасушаларға өтіп, онда да вирустың миллиондаған бөлшектері түзіледі. Осының бәрі ие-өсімдіктің қуат мүмкіндіктерінің сарқы- луына әкеп соғады. Вирус бөлшектері тыныштық қалпына көшіп, бірнеше жылға дейін сақталуы мүмкін. Мәселен, темекі мозаика- сының вирусы тыныштық қалпында 50 жылға дейін сақталғаны белгілі.
Ие-өсімдікпен қарым-қатынасының цитологиялық ерекшелік- теріне байланысты фитопатогендер экзофитті және эндофитті паразиттер деген топтарға бөлінеді. Біріншісі, көбінесе өсімдік мүшесінің сыртқы қабатында тіршілік етеді. Бұған мысал ретінде ақұнтақ саңырауқұлақтарын келтіруге болады. Олардың мицелийі мен жеміс денелері ауруға шалдыққан өсімдік мүшесінің беткі қабатында шоғырланады, ал ішкі ұлпаларға тек қоректік зат сорып алатын гаусторийлер ғана енеді. Эндофитті паразиттердің мице- лийі ие-өсімдік жасушаларының ішінде тарамдалады. Оларға тат (Uredinales) және переноспора (Perenosporales) саңырауқұлақтары жатады. Жүзімнің жалған ақ ұнтағын қоздыратын Plasmopаra vibicola және картоп ісігінің қоздырғышы Synchytrium endobioticum
- экзофиттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет