Дәріс №7-8 Тақырыбы: Өсімдіктердің инфекциялы немесе жұқпалы аурулары Мақсаты



бет7/17
Дата07.02.2022
өлшемі66,68 Kb.
#85180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Дәріс.№7-8

Некротрофты паразиттік. Фитопатогенді ағза алдымен өзінің улы заттары немесе токсині арқылы ие-өсімдік ұлпасын
өлтіріп, сонан кейін ғана оның органикалық заттарымен қорек- тенеді.
Факультативті (міндетті емес) паразиттер. Бұл топқа жататын фитопатогендер өсімдіктердің тірі жасушалары мен ұлпа- ларында тіршілік етіп, дайын органикалық заттармен қоректенеді. Олар даму айналымының белгілі бір бөлігінде шіри бастаған өсімдік қалдықтарында сапрофитті тіршілік етуі мүмкін. Бұл ағзалардың паразиттік деңгейі мен мамандануы әр түрлі келеді. Ауру белгілері көбінесе өсімдік жапырақтары мен сабақтарында неше түрлі дақтар мен теңбілдер ретінде байқалады. Көктемнен бастап, жаз бойы патоген конидиялар арқылы вегетативті жолмен көбейеді. Ауруға шалдыққан өсімдік мүшелері көбінесе өсу кезе- ңінің соңына дейін тіршілік қабілетін сақтайды, бірақ түсімділігін төмендетеді. Шартты немесе факультативті паразиттерге тән бір ерекшелік – олардың жынысты көбею мүшелері: клейстотеций, перитеций, апотеций өсімдік қалдықтарында, мәселен түсік жапы- рақтарда түзіледі.
Факультативті паразиттерге мысал ретінде алма мен алмұрттың таз қотырын қоздыратын Venturia inaequalis саңырауқұлағын келті- руге болады. Ауру белгілері алдымен жапырақтарда үлкенірек келген қоңырқай, кейіннен жемістерде ірілі-ұсақты теңбіл дақтар ретінде байқалады. Жаз бойы ауру қоздырғышы аталған мүшелер- дің ұлпасында паразитті тіршілік етіп, конидия сатысында дамып, бірнеше ұрпақ түзеді, сол арқылы ауру тез таралады. Күз бен көктем айларында түсік жапырақтарда патогеннің қалталы сатысы дамып, жеміс денелері пісіп жетіледі. Көктемде олардың ішінде негізгі инфекция қоры болып саналатын - аскоспоралар түзіледі. Астық дақылдарының септориоз және сары теңбіл ауруларының қоздырғыштары да осылай дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет