Биллиарлық бауыр циррозының ерекшеліктері. Цирроздың бұл түрі бауырда түзілген өттің ағып шыға алмауынан болады. Даму тегіне қарай оның біріншілік жэне екіншілік түрін айырады. - Биллиарлық бауыр циррозының ерекшеліктері. Цирроздың бұл түрі бауырда түзілген өттің ағып шыға алмауынан болады. Даму тегіне қарай оның біріншілік жэне екіншілік түрін айырады.
- Біріншілік биллиарлык, цирроз (ББЦ). Даму негізінде бауырішілік өт жолдарының (бөлікшекаралық, септалық) биллиарлық эпителийіне қарсы аутоантиденелердің түзілуі жатады. Антиденелер бұл жасушалардағы митохондрийлердің мембраналарына қарсы түзіледі, яғни антимитохондрийлік антиденелер (АМА) пайда болады. Осы кезде митохондрийлердің 9 түрлі антигендеріне антиденелердің түзілуі анықталған. Түтікшелік эпителийдің аутоиммундық зақымдануынан өт қышқылдары түтіктердің сыртына шығады. Перидукталальіқ аймақгарда осыдан дамитын қабыну мен фиброздық процестер циррозға алып келеді.
Диагностикасы - Бауыр циррозының диагностикасы келесі белгілердің болуына негізделеді:
- цитолиздік, холестаздық, портальдік гипертензия сивдромдарына жөне олардың бауыр-жасушалық шамасыздығымен бірге жүруіне;
- аталган синдромдардың лабораториялық-аспаптық зерттеулермен дәлелденуіне;
- бауыр циррозының морфологиялық белгілеріне (диагностика үшін ең нақтысы).
Дифференциалды диагностикасы - Бауыр циррозының көрінісі, бір қарағанда кейбір ауруларға ете ұқсайды, совдықтан оны айыру кейде қиындыққа соғады.
- Бауыр циррозының созылмалы гепатиттен
- айырмашылықтары - архитектоникасының айқын бұзылысы (морфологиялық зерттеудің нәтижесі бойынша), портальдік гипертензияның клиникалық белгілері (асцит, спленомегалия, веналық коллатеральдар, асқорыту жолынан қанның кетуі).
- Бауыр циррозын, өсіресе оның портальдік түрін келесі аУрулардан айыра білу қажет:
- Цирроз-рак жене бауырдың біріншілік рагы; бұл ауруларда асциттің дамуы қақпа венасының жөне оның тармақгарының тромбозынан, метастаздардың бауыр түбірі маңындағы лимфотүйіндеріне тарауынан және іш астарының карциноматозынан болады; бұл процестерді айыруға бауыр ісігінің маркері - а-фетопротеиннің табылуы, бауырдың УДЗ-і және лапороскопия мен ангиография көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |