Дәріс №8 (2) Тақырыбы: Бауыр циррозы Дайындаған : Мынбаев Д. С. Жоспар



бет7/8
Дата02.05.2023
өлшемі247 Kb.
#175850
1   2   3   4   5   6   7   8

Емі

  • Бауыр циррозының емі оның компенсация деңгейіне карай жүргізіледі. Компенсация сатысында диета аса шектелмейді, алкогольге, гепатотропты дәрмектерге қатаң тыйьм салынады. Тағамның қорытылуы мен сіңірілуі қамтамасыз етілуі тиіс. Портальдік гипертензия қосылған кезден, науқас іш куысы қысымын биіктететін дене қызметтерінен аулақ болуы тиіс. Бауыр циррозының активтілігі күшейген, декомпенсацияланған кездерде төсек төртібі мен ауруханалық емді қолданады. Бауыртекті энцефалопатияның белгілері сәл көрінсе-ақ ақуыздың мөлшері 40 г/тәул. дейін азайтылады, ал асцит болғанда тұзсыз диетаға ауыстырылады.

Емі

  • Диспепсиялық бұзылыстарды жою үшін өтсіз ферменттік, ішек бойында сіңбейтін антибактериялық дәрмектер, пробиотиктер қолданылады.
  • Бауырға күш салатын немесе цирроз процесін қоздыруы мүмкін ықпалдарды тоқтату қажет, мәселен, вакцинацияны, инсоляцияны, физиотерапияны, дәрі-дәрмектерді, әсіресе фитодәрмектердің саны мүмкіндігінше азайтылуы тиіс.

Этиологиялық ем.

  • Вирустық бауыр циррозында интерферонды қолдану мөселелері және ол емнің нәтижелері толық анықталып шешілмеген. Алкогольдік гепатитте алкогольдік ішімдіктің барлык түрлеріне қатаң тыйым салынады.
  • 3. Біріншілік биллиарлық циррозда (бауыр трансплантациясыН күтудегі наукастарға) урсодезоксихол қышқылын қолданады.
  • 4. Гемохроматозға байланысты циррозда бауырдағЫ гистологиялық өзгерістерді қан ағызумен біршама кдйтарады, біраК қалыптасқан циррозға бұл ем әсер етпейді.

Емі

  • 5. Вильсон-Коновалов ауруында купренил цирроздың барысына біршама оң әсер етеді.
  • 6. Кардиальдік фиброзда негізгі жүрек-тамыр ауруы неғүрлым ерте емделуі тиіс, мүмкін болса хирургиялық ем қарастырылады (ақауды жою, т.б.).
  • 7. Аутоиммундық цирроздың активті фазасында жөне айқын гиперспленизм болғанда глюкокортикоидтық емді қолданады. Цирроздың терминальді сатысында оны қолдану қажетсіз. Цирроздың бұл түрінде соңғы уақытта келесі үлгімен преднизалон қолданьшуда:
  • 1-ші күні — 40 мг; 2-ші күні—40мг;3-ші күні - 40 мг ішуге беріп, содан кейін толық үзеді.
  • Осылайша ем курстарын, у-глобулиндер ең болмаса 25-27% төмендегенше, ай сайын қайталайды. Көбіне бауыр циррозының емінде базистік шараларға, симптомдық емге, асқынулардың алдын алуға көп мән беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет