Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік



Pdf көрінісі
бет28/48
Дата26.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#193592
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Байланысты:
6. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ (1) (3)

Тұжырым (пікір) – 
көзқарас және сенім. 
Марат жақсы мұғалім. 
• 
Түсіндіру – 
автор не себепті сенеді. 
Марат оқушыларды жақсы көреді. 
• 
Автордың дәлелі 
– көзқарасты дәлелдейтін фактілер, мәліметтер, мысалдар. 
Автор Мараттың мектепте сабақ бергенін көрген. 
• 
Дәйегі (аргументі) 
– дәлелдер тұжырымды қаншалықты нақтылайды. 
Оқушының 
жетістігі мұғалімге тікелей байланысты. 
Жалпы тұжырымды берудің мынадай екі жолы бар: 
1)
Таразыланған көзқарас: 
Мұндай жағдайда дәйектің екі жағында автор өз 
көзқарасын соңғы параграфқа дейін анық білдірмейді. 
2)
Сендіру: 
Бұл дәйектемелік жазылымда автор өз көзқарасын бірден білдіреді, содан 
кейін өзінің пікірінің дұрыс екеніне оқырманды сендіруге тырысады. 
Бұл екі жолдың қайсысын таңдау берілген тапсырмаға, зерттеу сұрағының 
құрылымына және оған автордың жауап беруіне тікелей байланысты. 
Негізгі бөлімді жазудың ең басты талабы сыни тұрғыда өзге авторлардың пікірлері 
мен осы жұмыстың зерттеу нәтижесін талқылау және дәйектеу. Автор өз пікірін 
дәлелдеу үшін өзге авторлардың пікірін және көзқарасын беруі керек. Талқылау 
барысында алдымен өзге автордың пікірін парафраз немесе қорытынды жасау арқылы 
беріп, оларды тиімді немесе тиімсіз тұрғыдан талдаудың маңызы зор. Бұл автордың өзге 
авторлардың көзқарасына сыни тұрғыдан қарай алатындығын дәлелдейді. 
Негізгі бөлімде кем дегенде екі немесе оданда көп тұжырымдар тиімді және тиімсіз 
жақтан қарастырылып, талқыланады. Бұл тұжырымдардың барлығы материалдарды оқу 
барысында туындауы мүмкін. Талқылау барысында автор тиімді немесе тиімсіз деген 
тұжырымның бірін таңдау арқылы соның дұрыс екеніне оқырманын сендіруге тырысуы 
мүмкін. Бұл автордың көзқарасын (тиімді немесе тиімсіз) өзгелерге білдіру мен 
түсіндіру үшін беріледі.
Талқылау барысынындағы негізгі ұстаным: 
• 
Контексте берілген материалдардың мақсатының құндылықтарын талдау; 
• 
Идеялардың құндылықтары мен ақпараттың сенімділігіне талқылау жасау; 
• 
Идеяларды салыстыру; 
• 
Субъективтілікті анықтау. 
Негізгі бөлімді жазып болған соң, зерттеу сұрағына жауап беру үшін жасалған 
тұжырымдардың қаншалықты деңгейде талқыланғанын анықтау қажет. Жазылған 
негізгі бөлімді автордың өзі мынадай сауалдар қою арқылы тексере алады: 
• 
Жұмыстың құндылықтарымен және нәтижелерімен келісесіз бе? 
• 
Бұл жөнінде өзге автордың ойы қандай? 
• 
Қалай дәлелдейсіз? 
• 
Нәтижені қалай талқыладыңыз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет