Тұжырымның құрылымы оқырманды зерттеу сұрағына қалай жауап беретіні жөнінде
құрылған жоспарға байланысты логикалық тұрғыда жазылады. Зерттеу жұмысы
барысында оқырман қандай сұраққа жауап іздеуі мүмкін екендігін болжап, осы сұрақтың
жауабын беру үшін тұжырым жасау қажет.
Талқыланып жатқан екі жақты пікір теңдей талдануы тиіс. Келтірілген дәлелдерді
талдай
келе қорытынды жасап, белгілі бір ойды немесе тұжырым мен пікірді
қолдайтыны анық көрсетіліп, басқа тұжырым жоққа шығарылуы мүмкін. Қорытындыда
пікірді анық беру қажет, себебі қорытынды мен келтірілген дәлелдерге сүйене отырып
тұжырымды ары қарай дамытуға болады.
Эссенің стильдік ерекшелігі, прагматикалық сипаты
Қазақ тіл білімінің атасы – А.Байтұрсынұлы көркем тілге берген бағасында: «Тілдің
міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін
түйгенінше айтуға жарау» – деп бір-ақ түйіндейді. Р.Сыздықтың қарастыруында сөз
(поэтикалық сөз) мүлде жаңа қырынан алынады. Сөздің жеке алғандағы мағынасы емес,
контекске түскендегі, ақын не жазушы «қиялына» қызмет ете алатын мағынасы, тек жалаң
мағына емес, сезімге әсер ететін бояулы реңкі, экспрессиясы
оның информативтік,
коммуникативтік ұғымымен біте қайнасып келе тұтас бір «әлем» жасайтыны анықталды.
Жалпы тіл білімінде прагматиканы «контекстегі тілді зерттеу» деп айтамыз. Ал,
қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасын зерттеген еңбегінде профессор Қ.Есенова
прагматика туралы: «Сөйлеу актісінде бұл тіл ұстанушының тілдік бірліктерді өз түпкі
ниетіне сай етіп іріктей білуі, қай сөзге баса мән беретіндігі, өз сөзінің тыңдаушыға қандай
дәрежеде әсер етуін көздейтіндігі, соның нәтижесінде адресаттың қандай да бір әрекеттерге
баруына түрткі болатындығы, сондай-ақ, айналадағы адамдарға өз сөзі арқылы өзін белгілі
бір қырынан таныстыруға, көрсетуге тырысатындығы т.б. барлығы жинала келе оның түпкі
ойының аудиторияға дәл, нақты күйінде жеткізілуін қамтамасыз етеді» – деген анықтама
береді.
Кез келген мәтін коммуникативті. Мәтінтанушылар коммуникацияның үш түрлі
кезеңін сөз етеді: коммуникацияға дейінгі кезең,
вербалдық, яғни тілдік кезең,
коммуникациядан кейінгі кезең. Коммуникацияға дейінгі кезең – адресанттың адресатын
(адресаттарын) барлау кезеңі. Яғни автордың айтпақ ойы, ниеті тыңдаушыларының
психологиялық қалпына,
менталды деңгейіне, сонымен бірге осы «сөзді» айтуға
мәжбүрлеген, жеткізген, мүмкіндік берген алғы шарттардың бағыт-бағдарына байланысты
өрбиді. Ол автор мен қабылдаушының (тыңдаушы, оқырман) бір- біріне деген көзқарасы,
бір-бірін, соның ішінде автордың тыңдаушысын бағалауына да байланысты болуы мүмкін.
Қазіргі мәтінтануда айтылым адресаты ұғымымен беріліп жүрген осы теория бойынша
сөйлеу барысында айтушы өз сөзінің тыңдаушы тарапынан қабылдануының апперцивті
қорын: ситуацияны қаншалықты меңгергенін, берілген саладағы мәдени қарым-қатынасты
бейнелейтін
арнайы білімі бар-жоғын, оның көзқарастары мен сенімдерін, оның
симпатиясы
мен
антипатиясын
– жалпы өзінің сөзінің тыңдаушыға қаншалықты әсер ете алатынын есепке алумен болады.
Соған сәйкес сөз саптауын түрлендіріп, оның қарсы әсеріне (түсініліміне) мейлінше қозғау
салу үшін түрлі әдістерді қолдануға тырысады. Осы әдістер әрі қарай айтылымның жанрын,
стилін,
оның
түсінілімін
анықтайды.
Қалай болғанда да автордың мақсаты біреу – айтылған ойдың тыңдаушыға жетуі,
қабылдануы.
Сонымен, прагматика дегеніміз –
айтушының ойы, ниеті десек, эссенің прагматикалық
сипаты эссе иесінің алдына қойған коммуникативтік мақсатын жүзеге асыруда тілдік
құралдарды қаншалықты сұрыптап, талғап қолдануына байланысты. Əрине, сөз таңдауда
сол сөз «билік құратын» контекстің мән-мазмұны және қабылдаушы жақтың түсінілім
деңгейінің белгілі болуы адресат үшін маңызды болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: