Дәріс Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті Жоспары: Қазақ мәдениетінің бастаулары. Көшпенділер өркениеті



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата11.10.2024
өлшемі449,81 Kb.
#206235
  1   2
Байланысты:
Дәріс (5) 2024-2025 ж Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (мәдениеттану) Ахатаева К.Б0



Дәріс 5. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті 
Жоспары: 
1.Қазақ мәдениетінің бастаулары. 
2.Көшпенділер өркениеті. 
3.Көшпенділердің жол серігі. 
1.Қазақ мәдениетінің бастаулары. Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, 
қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі 
тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 19 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің 
солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман 
сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл 
мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, 
кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық 
Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті 
талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық. 
2.Көшпенділер өркениеті. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, 
адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген 
енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті 
— оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз 
жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға 
болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата 
қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, 
яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар 
жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен 
көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған. 
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері 
жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен 
табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың 
арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың 
төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген 
ұғымдармен тікелей байланыстырылды. 
Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер 
де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін 
аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес 
келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен 
шықпайды. Әрине бүл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң 
даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға 
бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады. 
3.Көшпенділердің жол серігі. Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті 
игеру құралдарына тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі 
жылқының ерекше бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру 
арқылы адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам жасады. К.Ясперстің пікірі бойынша, 
тағылықтан өркениетке өтуде жер суару жүйелерін жасаумен, жазудың ашылуымен, 
этностардың пайда болуымен қатар жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды 
болды. ([2]. — М., 1991. — С. 71, 72). Жылқыны пайдалана білу шектелген кеңістіктен бүкіл 
әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына 
мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұхбаттасу көптеген жағдайда зорлық-зомбылық арқылы 
жүзеге асқанын ұмытпаған да жөн. 
Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа қарай 
(немесе керісінше) қозғалыста болған. Белгілі болжам шумерліктердің Қосөзен аңғарына 
Орталық Азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының оңтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, 
Грекияға енгенін, түрік тайпаларының Кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді. Қытай 


империясы мен Үндіге көшпенді түрік-моңғол тайпалары ылғи қысым жасап отырған. 
Белгілі ғұлама А.Вебердің пікірі бойынша, көшпелі тайпалардың кеңістікті игеруі 
«халықтардың Ұлы қоныс аударуы» атты құбылысты әкелді. Бұл қазіргі өркениетгердің 
қалыптасуына үлкен себебін тигізді. Осы айтылғандардан адамзат тарихында жылқыны 
пайдалана білудің маңызы зор болғандығын көреміз. 
Музыка тарихына шолу 
Қобыз Даңғыра 
Домбыра Сыбызғы 
Көшпелілердің 
музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатыр. 
Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда 
ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады. Әсілі, көшпелілердегі ең көне 
музыкалық аспаптар — ұрмалы даңғыра, құрайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-
шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы "адырнасын 
ала өгіздей мөңіреткен" деп келетін жыр жолдары өнерпаз жауынгердің садағының 
адырнасын іркіп- тартып музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық Азия, Сібір, 
Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалық аспаптың 
көне түрі болуы мүмкін. 
Көне Хорезм жеріндегі Қойкырылған қала деп аталатын дөңгелек бекіністен 
домбыра сияқты екі ішекті аспапта ойнап отырған адамдардың бейнесі табылған. 
Зерттеушілердің ойынша, бұл домбыраның көне түрі. Академик В.В.Виноградовтың 
пікірінше, қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызы сиякты аспап кем дегенде бүдан 
екі мың жыл бүрын пайда болған, қазақтың қобызы осы күнгі виолончель, скрипкалардың 
арғы атасы. 
1. Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін Евразия территориясында 
өмір сүрген көшпенділердің мәдениеті бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде объективті ғылыми 
тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық басылым мәдениеттану, бейнелеу өнері, 
тарих, этнография, археология, педагогика, антропология, философия, дінтану, семиотика, 
лингвистика, әлеуметтану ғылыми салаларды қамтып, сондай-ақ көшпенділердің әр 
кезеңдегі мәдени процестерінің қоғамдағы рөлін көрсетуге септігін тигізеді. 
Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділерді зерттеуге ғалымдар XVIII ғасырдан 
бастап қызығушылық таныта бастады. 
Мәдениеттану саласында қазақ халқының сақ (скиф) мәдениетімен сабақтастығын 
зерттеуде ауыз әдебиеті мен этнографияның маңызы зор. Кеңестік кезеңде этнография, 
ауыз әдебиеті салаларындағы ұлттық маңыздылығы бар тақырыптарға шектеу жасалып, 
тарихтан аластатылды. 
Мәдениеттанумен барлық ғылым салалары айналысады. Олар: философия, дінтану, 
тарих, этнография, педагогика, антропология, этнопсихология, әлеуметтану, саясаттану т.б. 
Бұл ғылым салалары қоғамда болып жатқан процестерді көрсетуге мүмкіндік береді. Ал 
мәдениеттану тарихи кезеңдер мен өркениеттерді талдап, оның қоғамдағы рөлін көрсету 
басты белгісі болып табылады. Сондықтан көшпенділердің ділін, дінін, этнографиясын 
және салт-дәстүрін философия ғылымының ғана заңдылықтарына сай зерттеу тақырып 
аясын тарылтады. Көшпенділердің б.з.б. өркениетті мемлекет болып өмір сүргенін 
дәлелдеу үшін энциклопедиялық әр ғылымның деректемелері қажет. Бүгінгі күні мәдениет 
ұғымын анықтайтын екі жүздей ғылыми дефиниций бар. Олардың бәрін төрт топқа бөліп 
талдауға болады. Қоғамдағы адамдардың рухани және материалдық шығармашылықтары 
семантикалық шеңбер құрып — мәдениет деген ұғымның жалпы мағынасын береді. 
Көшпенділердің мәдениеті мен тарихын сараптауда көне артефактілердің маңызы 
зор. Таулы Алтайдағы Қатан өзенінің бойындағы қорғандардан қазба жұмыстары кезінде 
В.В. Радлов 1865 жылы көптеген құнды дүниелер тапты. Алтайдағы үлкен Улаған өзен 
өңіріндегі Пазырық шатқалында сақ (скиф) кезеңдерінен қалған әртүрлі көлемдегі бес 
обаны 1929 жылы М.П. Грязнов, ал 1947- 49 жылдары С.И. Руденко археологиялық қазба 
жұмыстарын жүргізген. 


Ежелгі көшпенділердің дүниетанымы, рухани дүниесі мен алғашқы дінінің пайда 
болуы артефактілер арқылы анықталды. 
Жоғарыда айтылған ғалымдардың еңбектерінде ежелгі көшпенділердің салт-дәстүрі, 
тілі, ділі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Көшпенділердің антика дәуірінен б.з.б. 
кезеңдермен байланысы жоқ, сондай-ақ бүгінгі күнге дейін әр дәуірдің мәдениеті өз алдына 
жеке қарастырылған. Көшпенділерді (б.з.б VIII — ІV ғғ.) зерттеген ғалымдар иран, парсы, 
грек деректеріне сүйеніп, сақтардың (скиф) қолөнері, бейнелеу өнері мен кескіндеме мәнері 
антика өркениетті мемлекеттердің «ықпал әсері немесе көшірмесі» деген пікірлер 
қалыптастырды. Скифологтардың арасында ондай пікірлердің қалыптасуына империялық 
идеология ықпал етті. Ресей ғалымдарының біржақты зерттеулерінің салдарынан 
көшпенділердің мәдениеті мен тарихы тұтас жазылған жоқ. 
Ежелгі суперэтникалық тайпалар мен қазақтардың мәдени-тарихи сабақтастығын 
толық қанды объективті зерттелуіне, кеңестік идеология кедергі болды. Археология, 
этнография, антропология мәселелеріне ресейлік, европалық ғалымдар ғана арнайы 
тапсырмалармен зерттеулер жүргізді. Бұл тақырып қазақ ғалымдарына «жабық» тақырып 
болды. 
Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан бері жоғын түгендеуге мүмкіндік 
алды десек болады. Кезінде айтылмаған тұжырымдар мен зерттеуге шектеу қойылған 
тақырыптарды ғылыми тұрғыдан қайта қарауға мүмкіндік туды. 
Көшпенділерді «варварлар» мәдениетінен өркениеттілікке жақындату үшін 
еліміздің археологтары да аз жаңалық ашқан жоқ. Елімізге белгілі археологы -


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет