Дәріс Қазақстанда инклюзивті білім беруді енгізу мен дамытудың қазіргі жағдайы Мақсаты



Дата10.11.2023
өлшемі16,96 Kb.
#190743
Байланысты:
Лекция 3 инк


Дәріс 3. Қазақстанда инклюзивті білім беруді енгізу мен дамытудың қазіргі жағдайы
Мақсаты: Қазақстанда инклюзивті білім беруді енгізу мен дамытудың қазіргі жағдайына талдау жасау
Жоспар:
1.ҚР инклюзивті білім беруді енгізу
2. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастыру
1.Елімізде инклюзия процесі жаңа бағыт ретінде 2011 жылдaн бacтап қолданыла бастады. Білім алушыларды қалыпты балалармен кіріктіріп оқыту мәселесі бoйыншa теориялық еңбектер жазған ғалымдар: Мoвкебaевa З.A., Cүлейменoвa P.A., Еpcapинa A.М., Бaйтұpcынoвa A.A., Хaлыкoвa Б.C., Кaткенoв К.A., Жaлмұхaмедoвa A.К. Авторлардың еңбектерінде инклюзивті білім беpуді ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ерекшеліктері, тарихи-педагогикалық алғышарттары хронологиялық кезеңдердің тоғысында зерделенген.
ҚР – да 2015 жылға қарай инклюзивті білім берумен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың 25%-н қамту көзделсе, инклюзивті білім беруге жағдай жасаған 70%-ға ұлғаяды, инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы санынан 50% құрайтын болады. Дегенмен, бұл саланың да проблемалары жетерлік. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты прогреске бірнеше факторлар: объективті және субъективті қиындықтар кедергі келтіруде.
«Мүгедектер құқықтары туралы» инклюзивті білім беру ережесі Біріккен Ұлттар Ұйымының бас Ассамблеясымен мақұлданып, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген. Көршілес Ресей мемлекетінде 1990 жылдан бастап, инклюзивті білім беру жүйесі құрыла бастады . Қазіргі таңда түзете білім беру ұйымдарының желісін сақтап, жетілдіру және инклюзивті білім беру жүйесін қатар дамыту ең тиімді қадам болып табылады. Мұндай жағдайда түзету ұйымдары жалпы білім беру мекемелерінде қызмет жасайтын мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу - әдістемелік орталық, білім алып отырған тұлғалар және олардың ата – аналарына кеңес беру және психологиялық – педагогикалық түзете көмек көрсету қызметін атқарады.
2. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында баланың психофизиологиялық және танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін ескеретін, оқытудың нұсқауларын қарастыратын білім берудің арнайы типтік оқу бағдарламалары құрастырылып, бекітілген. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кіріктіре (инклюзивті) оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар дайындалды. Жалпы білім беру мекемелерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу ортасын құру болып табылады.
«Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының 15-бабына сәйкес осы санаттағы балаларға арналған жаңа білім беру ұйымдарын салу, жөндеуден өткізу және қайта салу жұмыстарын жүргізу барысында білім беру мекемелерінің «кедергісіз» әрі тосқауылсыз болуын міндетті түрде қамтамасыз ету қажет. Жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында оқитын дамуында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және олармен жүргізілетін түзету жұмыстары мұндай оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дайындалған жалпы білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Инклюзивті білім берудің дамуын теориялық және әдістемелік жағынан жетілдіруді қажет етеді. Инклюзивті білім беруді дамытуды әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мыналарды көздейді:
- жалпы білім беру процесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі балаларды кіріктіре оқыту және инклюзивті білім беру негіздерін әдіснамалық және оқу-әдістемелік әзірлеу;
- ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың (оқу процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар, базалық пәндер және оқыту пәнінің нәтижелері бойынша дағдылар, білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар) оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын бейімдеу;
- инклюзивті білім беру жағдайында оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесін бейімдеу, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нәтижелерін бағалау және мониторингілеу жүйесін әзірлеу,
- үйде оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеу;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқыту жағдайларына жоғары және кәсіптік, техникалық білім беру бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бейімдеу
Әдебиеттер тізімі:
1.Байменова Б. С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом. – А, 2017
2.Жубакова С. С. Теория и практика инклюзивного образования. – А., 2017
3.Байменова Б. С., Жубакова С. С. Инклюзивное образование. – Учебно-методическое пособие. – А, 2018
4.Мовкебаева З. А., Оралканова И. О., Денисова И. А., Жакупова Д. С. Методические рекомендации по подготовке педагогов к внедрению инклюзивного образования. Алматы, 2018. – 165 с.
5.Мовкебаева З.А., Оралканова И.А., Бейсенова А.Б. Инклюзивті білім беруді кіріктіруге педагогтарды дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар. Алматы, 2018. – 175 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет