Дәріс Бағалау сапаны басқару элементі ретінде. Білім беру сапасының көрсеткіштері. Жоспары



бет3/3
Дата02.02.2022
өлшемі29,59 Kb.
#117107
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 1 ЕП-20-1к1, к2 тобы
10 класс школьная олимпиада, 423a2dc8-394c-11e3-9713-f6d299da70eeпед шебер умкд (3), Ұлы даланың жеті қыры., Ұлы даланың жеті қыры., 2019, Дәріс 1 ЕП-20-1к1, к2 тобы, Дәріс 1 ЕП-20-1к1, к2 тобы, Дәріс 1 ЕП-20-1к1, к2 тобы, Каратау Энергия тех отчет, Каратау Энергия тех отчет
Бағалаудың мақсаты неде? Әдеттебағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды (тестілеуді) қандай мақсатта және кім үшін (сыныпта тестілеу жүргізу сияқты), қалай өткізуі керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаттары төменде қысқаша айтылған. 1. Оқытудың қиындықтарын анықтау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және математика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады. 2. Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін). Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады. 3. Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.Faculty of Education 57 Center of Excellence 4. Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихандық жүйенің нәтижелері, көбінесе сұрыптау мақсатында, атап айтқанда бұдан арғы (жоғары) оқыту немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік үшін қолданылады. Мектеп шеңберінде әдетте оқушылар топтар мен сыныптарға бөлінгенге дейінгі бағалаудың белгілі нысаны болады. 5. Стандарттарды бақылау және орындау. Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін, ал мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мысалы, «біліктілігі» бар тұлғаларда олардың тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген кепілдіктер болуы қажет. PISA (Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама) сияқты халықаралық тест бойынша алынған мәліметтер талдауы халықаралық стандарттарға сәйкестікке бағытталған, одан басқа стандарттың микро және макро деңгейдегі стандарттарына сәйкестігін бақылау үшін ұлттық және жергілікті тестілер қолданылады. 6. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш күмән туғызбайды. Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы Кез келген мұғалім Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) неліктен оқытуды және оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.

Деңгейлік бағдарламаны меңгерген мұғалімдер сабақтарда бағалаудың формативті, суммативті түрлері қолданады. Деңгейлік курс мұғалімдерінің сабақтарына қатысып әріптестер жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгеруде. Осы орайда педагог кадрларды даярлау және біліктілігін жетілдіру курстарының жүргізілуі мұғалімдерімізді өзгертсе, ал олардың оқушылардың және әріптестерінің көзқарастарын өзгертуі біз үшін қуанышты жайт.

Қазіргі мұғалім - педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; білімді, іскер, шебер болу керек. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері- өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан- жақты дамыту.

Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы - дүниетаным қабілеті жоғары; дарынды өнерпаз; іздемпаз, талапты; өз алдына мақсат қоя білу керек.

Осы біліктілікті арттыру курсында оқып-үйренгендердің ішінен,мені қатты толғандырған – оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау болды. 5 балдық бағалау жүйесінің біздің мектебімізде де нақты бағалауды көрсетпейтіндігінде. Ол мәселені шешуде деңгейлік бағдарламаның көмегі көп болып отыр.Бағалаудың формативті,суммативті бағыттарын толық білмейтіндігімізге көзім жетті. Біздер сабақ үдерісінде оқушыларды ынталандыру мақсатындағы формативті бағалау түрлерін тиімді пайдаланбағанымызды,кейбір элементтерін қолданғанымен, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында үнемі қолдануды жөн көрмегенімізді, оқушылардың өздерін және өзара бағалауына да көңіл бөлмегенімізді түсініп отырмын. Өз бағасына көңілі толмаған оқушының сол бағаны нақты қандай критерий бойынша қойғанымызды да айта алмай жатамыз.Осы орайда критериалды бағалау жүесінің маңыздылығын түсінеміз.Сабақта критериалды бағалауды еңгізу арқылы оқушылардың өздерінің білім деңгейлерін нақты аңықтай білуге, өз бетінше ізденіп, жұмыстануда неге бағыт алу қажеттілігін түсінеді.

Бұл деңгейлік бағадарлама бізге нені берді?деген сұраққа жауап берер болсам.Бағалау үдерісіне енгізілген өзгерістер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, өздеріне деген сенімділігін арттырды,тұйық оқушылардың өз ойын ортаға салып ашылуына, өз-өздеріне және сыныптастарына шынайы баға беруге, критерийлер белгілей отырып өздерінің даму деңгейлерін аңықтап әрі қарай дамуына мүмкіндік беріп отыр.Оқушылардың бағалауға деген көзқарасы өзгерді.Сонымен бірге бағдарламаның тәрбиелік мәні де бар: оқушылар бірлесіп еңбектенуге,бір-бірін сыйлауға, пікірілерімен санасуға дағдыланып келеді.Бағалау үдерісі мектептің дамуына да өзіндік ықпалын тиігізген болатын.


Практикалық сабаққа арналған бақылау сұрақтары:
1. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері.

2. Бағалаушының және бағалаудың түсініктерінің айырмашылықтары неде?

3. Пәнді оқытудың кәсіби оқыту үдерісінде алатын орны қандай?

4. Ынталандыру – дегеніміз?

5.Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін қалай түсінесіз?

6. Бағалау мен бақылау

7. Деңгейлеп оқытудағы жеті модуль

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы». Астана, 27.07.2007 ж.

2.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу тұжырымдамасы.

3.Конасова Н.Ю. Технология критериального оценивание: учеб.- метод. пособие для вузов. / Н.Ю. Конасова. М.: КАРО, 2012.-112 с.



4.Панина, А.Г. Внедрение технологий критериального оценивание в учебный процесс. учеб.- метод. пособие для вузов. 2010 г.

5. Красноборова, А. А. Критериальное оценивание в ВУЗе: учеб. пособ. Перм. гос. пед. ун-т. - Пермь, 2010. -84 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет