Дәріс Бағалау сапаны басқару элементі ретінде. Білім беру сапасының көрсеткіштері. Жоспары



бет2/3
Дата02.02.2022
өлшемі29,59 Kb.
#117107
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 1 ЕП-20-1к1, к2 тобы

Бағалау - бірде бастапқы деректерден бірдей қорытынды, нәтиже шығатын ғылым.

Бағалаушыбелгілі бір обьектіге бағалау жүргізуге арнайы білімі бар маман.

Бағалаушының және бағалаудың анықтамасын қарастырайық:



Бағалау мақсатықұн туралы қорытынды жасау,

Бағалаушының мақсатымақсаты анық белгіленген бағалауға қорытынды жазған кезде тәуелсіз және үшінші жақ етінде әрекет ету.

Әлемдік сарапшылар білім жүйесін салыстыруға келетін 48 елді назарға алып отыр. Олар алдымен білім саласына салынған инвестиция көлемін, мамандар дайындау мәселесін, оқу орындары арасындағы әріптестік тағы да басқа 20 шақты критерийді негізге алған. Сол бойынша анықталған білім беру жүйесі ең озық тұрған 26 ел бар десек: алғашқы бестікке АҚШ, Швеция, Канада,Финляндия және Дания кіреді.

Білім мазмұнын реформалауда бағалау жүйесіне өзгерістер еңгізу қажеттілігі жатыр:оқушылардың үлгерімі, оқу орындарының қызметі, мұғалімдердің біліктілігі.

ХХ ғ 90 жж бағалау жүйесін модернизациялау маңызды орынға шықты. Оқыту нәтижелерін бағалауда жаңаша жолдарын іздестіруде әр түрлі елдерде алға қойылуда.Бағалау жүйесін жаңартуда ЕО елдері келесі түсініктер жасақтау үрдісі жүріп жатыр:

Баға үшін бастама болу керек: басқаша оқушылармен салыстырғандағы оқушының жеке-тұлғалық қалыптасуы /салыстырмалы критериалды бағалануы/,бағалардың шынайы қойылуы.Бағалау үдерісінің сапалығын қалай қамтамасыз етуге болады?Осы проблемаларды шешу батысевропалық елдерде оқыту деңгейін, орта білім беру сапасын көтеруде маңызды қадам болады.Оқушылардың үлгерімін бағалау бағалаудың кең таралған түрі. Оқушыларға сабақ барысында сұрақтар қою арқылы жауап алу,әр түрлі жұмыс түріне баға қою.Сыныптағы бағалаудың нормативті және критериалды бағалау.Оқушылардың оқу үлгерімін бағалаудың сыныптан сыныпқа көшіру кезінде қолданылатын бағалау түрі оқушылардың жыл бойы алған білімдерін бекіту мақсатында қолданылады. Шетел зерттеушілерінің айтуынша бағалаудың бұл түрі оқушылардың дамуының шынайы көрінісін көрсете алады .

Жалпы орта білім беретін мектептерде бағалау түрлері келесідей:

Батысеуропалық елдерде бағалаудың ауызша, жазбаша, тестілеу түрлері көптеп қолданылады.Мысалы Австрияда тұрақты бағалау,емтихандар блогынан тұрады.Оны пән мұғалімі өзі өткізіп, бағалайды.Елдегі білім беру жүйесінің міндетті ережесі болып табылады. Жұмыс барысында оқушылардың білімін бекіту, кеңейту мақсатында 15 минуттық ауызша жауап беру қалыптасқан.Жазбаша емтиханнан оқу жылы ішінде тіл, математика сияқты бастапқы маңыздағы пәндер бойынша 1 сағаттық мерзімде өткізіледі.Жоғары сыныптарда жазбаша жұмыс 2-3 сағатқа созылуы мүмкін.Барлық пәндер бойынша қысқа жазба тестілері 25 минут ішінде өткізіледі.Ол жүйе 1974 жылдан бастап еңгізілген. Бағалау 5 балдық жүйеде қолданылады.

Ұлыбританияда білім беру стандарттарын көтеру және ата-аналарды балаларының жетістіктері туралы мәлімет беру мақсатында білім берудің орталық огандарына жаңаша жолдар іздеу қажеттілігі туды.Осы мақсатта оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың ұлттық жүйесі еңгізілді. 7, 11, 14, 16 жастағы оқушыларға тест өткізу алға қойылды. Ол оқушылардың әр жас аралығында білім деңгейлерін аңықтауға көмектесті.

Жүйе ұлттық тестілерден тұрады. Оған 16 жасқа толған оқушылардың орта білім туралы куәлік иелену мақсатында жазбаша және ауызша тапсырмалар жатады.

Бағалау 10 балдық, деңгейлік жүйеге негізделген. 16 жастағы оқушыларды бағалауда А, В, С, D, Е, F, G 7 балдық жүйе бойынша бағалау жүзеге асырылады. G деңгейіндегі бағаны алған оқушылар оқуды кәуліксіз аяқтайды. Білім алғандығы туралы аңықтама беріледі.

Германияда бағалау жазбаша тапсырмалар және ауызша сұрақтар қою арқылы жүзеге асырылады.Олар тоқсандық мәліметтер ретінде жазбаша, ауызша емтихандардан алған бағаны есепке ала отырып жылдық бағаны шығарады.Бұл жерде 6 балдық жүйе қолданылады.6 балл ең төменгі болып есептелсе,1 балл керісінше ең жоғары нәтиже ретінде қарстырылады./1- өте жақсы, 2-жақсы, 3- қанағаттанарлық,4- сәйкесінше/стандартқа сай, 5- нашар, 6- өте нашар/.Норвегиядағы мектептерде оқушылардың білімін бағалау келесідей: Бастауыш мектептерде/1-6 сыныптарда/ оқушыларды формалді бағалау жоқ. Ата-аналар мен мұғалімдер жылына 2-3 рет жиналып оқушылардың білім сапасын талқылайды. Негізгі мектепте (7-9 сыныптар) оқушылар негізгі пәндер бойынша жылына 2 рет бағаланады.Бастауыш мектепте 5 баллдық жүйе бойынша бағаланады. G (өте жақсы), М (өте жақсы),G (жақсы),NG (қанағаттанарлық), LG (төмен)7.9 сыныпта жазбаша емтихандар 3 пән бойынша норвеж, ағылшын тілдері және математикадан өткізіледі.1994 жылдан бастап заң бойынша осы жүйе еңгізілген. Орта мектептерде 7 баллдық жүйе еңгізілген 0 ден 6:6-5 (орташадан жоғары),4-3- (орташа),2-1-0 (орташадан төмен) пәнді тапсырудың ең төменгі балы – 2.АҚШ-та бағалау әріптік жүйеде жасалған:А- В — С —Д —F

Сыныптан-сыныпқа көшу үшін оқу үлгерімі С бағасынан төмен болмауы керек.

В бағасы мектеп бітірушілер үшін міндетті. Данияда бағалаудың 7 баллдық жүйесі еңгізілген.Ол 13 баллдық жүйенің орнына келген. Финляндияда бағалау 0-ден 10 балл аралығы. 4-тен төмен бағалар қойылмайды.4-қаңағаттанарлықсыз,ал 5-10 – қаңағаттанарлық деп есептеледі. Кей жағдайда екі бағаның аралық бағасы да қойылады. 9-10 деген бағаны оқушылар қосымша тапсырмалар орындаған жағдайда қойыладын.

Мектептегі білімнің ортақ жүйесін құру идеясы 1960 жылдары Швейцарияда пайда болған, ол International Baccalaureate (IB) атауына ие болды. Қазіргі таңда IB бағдарламасымен әлемнің 144 елдеріндегі 3500 мектептерінде оқытылуда, оның дәрежесі аттестатқа теңестірілген және 75 елдің 2000 университеттерінде IB емтиханының нәтижелерін мойындап отыр. Бағдарлама 4 деңгейден тұрады және олар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген. IB бағдарламасы біздің еліміздің білім беру жүйесіне еңгізу қажет деп есептеймін.

Сонымен Австрия мен Ұлыбританиядағы оқушылардың қорытынды білімдерін тексеру емтихандарын салыстырар болсақ, Австрия тәжірибесі тиімді деп есептеймін. Себебі оқушылардың әр сынып, әр пән бойынша алған білімдерін қорытындылау білім сапасын арттыруда нәтижелі болады, оқушылардың білімін тексеруге, өз бағасын түзетуге арналған ауызша сұрауға уақыттың бөлінуі білім сапасын арттыруда тиімді.

Назарбаев зияткерлік мектептерінде критериалды бағалауды еңгізуде 2010-2011 оқу жылы дайындық кезеңінен өтіп. 2011-2012 оқу жылынан бастап ІV кезеңі жүргізіліп келеді.



2012 жылдан бастап Қазақстанға Кембридж Университетімен бірігіп еңгізілген Деңгейлік курс бағдарламасы негізінде І, ІІ, ІІІ деңгейлік курстары Педагогикалық шеберлік орталықтарында мұғалімдерді жаңа форматтағы біліммен қаруландырып келеді. Деңгейлік бағдарлама 7 модульді қамтиды. Солардың ішінде оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау маңызды орынға ие. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқудыбағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет