Дәріс. Бауырымен жорғалаушылар класы – Reptilia Мақсаты


Рептилиялардың систематикасы



бет2/3
Дата19.10.2023
өлшемі25,95 Kb.
#186822
1   2   3
Байланысты:
Лекция 6. Рептилиялар

Рептилиялардың систематикасы.
Мақсаты: Рептилиялардың шығу тегі және негізгі отрядтарымен танысу.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

  1. Бауырмен жорғалаушылардың шығу тегі, систематикасы мен жалпы сипаттамасы.

  2. Анапсидтер кластармағы, сипаттамасы және систематикасы.

  3. Лепидозаврлар кластармағы, сипаттамасы және систематикасы.

  4. Архозаврлар кластармағы, сипаттамасы және систематикасы.



1. Бауырмен жорғалаушылар – нағыз алғашқы құрлық омыртқалылары. Олардың қосмекенділерден бөлінуі шамамен 320 млн. жыл бұрын карбонда жүзеге асты. Соңғы карбон мен пермьде кең тараған, өйткені бұл кезеңдерде қарқынды тау пайда болу процестері жүрді, осыған орай жер бедерінің тілімделуі және құрғақ биотоптардың аудандары артты. Мезозойда рептилиялар шарықтау шегіне жетті. Бұлар 150 млн. жыл бойы планетада басым топ болды. Бірақ бордың аяғында жаңа тау түзілу (альпілік орогенез) процессі жүріп жерде климат және әртүрлі жыл маусымында температура өзгере бастады. Өсімдік жамылғысы өзгерді. Салқын қанды рептилиялардың көптеген өкілдері жойылып, олардың орнына жылықанды омыртқалылар – құстар мен сүтқоректілер келді, сөйтіп соңғылары жердегі барлық экологиялық қуыстарды толтырды.
Құрылыс ерекшеліктеріне, морфологиялық белгілеріне, класс ішіндегі филогенетикалық қарым-қатынастар сипатына, тіршілігі мен өмір сүрген кезеңіне байланысты Бауырмен жорғалаушылар класы 7 кластармағына бөлінеді.
Қазіргі Бауырмен жорғалаушыларының тегі ертеде өте көп және алуан түрлі болып, мезозой эрасында басым болған кластың өкілдері. Біздің заманымызға дейінгі 7 кластармағынан тек 3-уі, ал 17 отрядтың бар-жоғы 4-уі ғана жеткен.
Олар: 1 кластармағы Анапсидтер – Anapsida.
1 ғана Тасбақалар отряды – Chelonia, не Testudines бар.
2 кластармағы Лепидозаврлар – Lepidosauria
Екі отряды бар: 1 - Тұмсықбастылар отряды – Rhynchocephalia
2 - Қабыршақтылар отряды – Squamata
3 кластармағы Архозаврлар – Archosauria
1 ғана отряды бар – ол Қолтырауындар, не болмаса Крокодилдер – Crocodilia.
Қазіргі кезде дүние жүзінде бауырмен жорғалаушылардың 7000-ға жуың түрі белгілі болса, Қазақстанда 49 түрі кездеседі. Бұлар суда да, құрлықта да тіршілік етеді.
2. Кластармағы Анапсидтер – Anapsida. Отряд Тасбақалар – Chelonia, не Testudines.
Қазіргі кезде тіршілік ететін тасбақалардың денесі үстінен, екі бүйірінен және астынан сауытпен қапталған. Олар бір-бірімен сіңір немесе сүйек арқылы байланысқан карапакс деп аталатың арқа және пластрон деп аталатын құрсақ қалқаншалар. Омыртқа жотасының мойын және құйрық бөлімдері қозғалмалы, ал басқа бөлімдері карапакспен бірігіп кеткен. Жақтарында тістері болмайды, бірақ мүйізбен қапталған, екі шеті өткір. Өкпелері күрделі, үлкен. Ондағы газ алмасу қосмекенділердегідей ауыз қуысы түбінің қозғалуы және иық – жамбас бұлшық еттерінің әсерінен жүреді. Тасбақалар тропикалық және қоңыржай аймақта кең тараған. Теңіз, тұщы су қоймалары, батпақ және құрғақ биотоптарда мекендейді. Жер жүзінде отрядтың 12 тұқымдасының 250-ге жуық түрі белгілі болса, Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Жасырын мойын тасбақалар отряд тармағына (6 тұқымдас 110 түр) тұщы су және құрлық тасбақалары тұқымдастарының өкілдері жатады. Тұщы су тасбақаларынан Каспий тасбақасы және Қазақстанда Жайық өзенінің бойында, Арал өңірінде, Ырғыз-Торғай өзендерінің алаптарында мекендейтін батпақ тасбақасы (Emys orbicularis) кездеседі. Құрлық тасбақаларына майда (ұзындығы 12 см-дей), ірі (ұзындығы 150 см, салмағы 400 кг, мысалы, Галапогосс тасбақасы (Testudo elephantopus) тәрізді алыптарда жатады. Қазақстанда шөл тасбақасы (Testudo horsfieldi) мекендейді. Теңіз тасбақалары отряд тармағына (Chelonioidei) 4 түр жатады. Олар – жасыл тасбақа (Chelonia mydas), бисса, не каретта және басқалары. Осы сияқты жұмсақтерілі тасбақалар (25 түр) отряд тармағынаң трионикс немесе Қиыршығыс тасбақасы, бүйірмойын (45 түр) және қалқаншасыз тасбақалардан (1 түр) – терілі тасбақаны атауға болады. Оның дене тұрқы 2 м, салмағы 600 кг-ға жетеді.
Кластармағы Лепидозаврлар – Lepidosauria 2 отрядқа бөлінеді. Тұмсықбастылар отряды – Rhynchocephalia – қазіргі кезде бір түрі ғана тіршілік етеді. Ол - гаттерия не туатара (Sphenodon punctatus) – осы замандағы бауырмен жорғалаушылардың ең көнесі. Жана Зеландия аралдарында мекендейді. Дене тұрқы 75 см-ге жетеді. 20 жылда жыныстың жағынан жетіледі. Қолда ұстағанда 50 жылға дейін өмір сүрген.
Қабыршақтылар отряды – Squamata. Отряд өкілдері алуантүрлі. 6500-дей түр бірігеді. Қазақстанда 47 түрі кездеседі. Отряд 4 отряд тармағына бөлінеді.
Отряд тармағы – Хамелеондар – құбылғылар. Өкілдері ағаш сүлбесінде тіршілік етуге маманданған, аяқтары қармалап ұстауға бейімделген, саусақтары қарама-қарсы орналасқан, көздері бір-біріне байланыссыз 180°-қа (көлденең бағытты) және тік бағыта 90°-қа айнала алады. Қорегін ұшы жалпақ ұзын тілімен ұстайды. Мадагаскар, Африкада көптен кездеседі, аздаған түрлері Үндістанда, Бирмада, Кіші және Алдыңғы Азияда тіршілік етеді.
Отряд тармағы – Кесірткелер. Бұл отряд тармағына жармасқылар (геккондар), ешкемерлер (агамалар), жалаңкөздер (сцинктер), нағыз кесірткелер (ящерицы) мен кесірттер(ящурки) жатады. Дене пішіні әртүрлі, кейбіреулерінің аяқтары жоқ (мыс, ұршықсап), дене тұрқы 3,5 см-ден 4 м-ге жетеді. Көпшілігінде қауып толғанда құйрығын үзіп тастайтын, бірақ ол кейіннен өсіп шығатын қабілеті болады. Оны аутотомия деп атайді. Негізгі тұқымдастарға қысқаша тоқталамыз.
Кеселдер тұқымдасына жататын бауырмен жорғалаушылар қазіргі кезде тіршілік ететін кесірткелердің ішіндегі ең ірісі. Орталық Азия мемлекеттерінің территориясында, соның ішінде Қазақстанның оңтүстігінде Қызылқұм мен Сырдария өзеннің жағалауларында сұр кесел кездеседі. Үлкендігі 1 м-дей, жемтігін тасадан бас салып немесе құйрығымен соғып, ұстайды.
Кесіртке тектестердің Қазақстанда 29 түрі (3500) кездеседі. Бұлардың терісі мүйізді қабыршақтармен жамылған. Тері бездері тек сандарында ғана болады, олардан шығатын бөлінділер көбею кезінде және мекендейтін орнын белгілеу үшін пайдаланылатын химиялық белгі болып табылады. Көпшілігінде төбе “көзі” дамыған, оның қызметі жарықты ажырату. Жақсы естиді, дыбысты шығарады. Қимыл-қозғалыстары әртүрлі: мыс., теңіз игуандары жүзеді, дракондар қалықтап ұшады, сусыма құмдар, тік жарлар мен жартастарда, үйдің қабырғалары мен төбелерінде құламай жүре алатын түрлері де бар (мыс., жармасқылар). Шұбар және Зайсан батбаттары, дәукөз және шұбар кесірттер, кесел, сары бауыр (ұршықсап) Қызыл кітабқа тіркілген.
Отряд тармағы – Амфисбендер. Бұларға аяқтары жоқ, топырақ қазып, шұбалшаң немесе жауын құрты тәрізді дене бұлшық еттерінің жиырылуы есебінен қозғалады. Көздері тері астында орналасқан. Африка, Батыс Азияның оңтүстігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада мекендейді.
Отряд тармағы Жыландар – Ophidia, не Serpentes. Аяқсыз бауырмен жорғалаушылар. Төменгі жақ сүйектері жоғары жақпен созылмалы сіңірлермен байланысқан, осыған орай өз денесінен бірнеше есе үлкен жемтіктерді тұтастай жұта алады. Улы жыландарда арнайы улы тістері болады. Иық және жамбас белдеулері болады. Көкірек қуысы ашық. Қазір жер жүзінде жыландардың 3000-н аса түрі белгілі . Олар: соқыржыландар, жалғанаяқты жыландар – айдаһарлары (анакондалар – узындығы 12 м-ге жететің ең үлкен жылан), су жыландары, абжыландар (қарашұбар), улы жыландар не аспидтер, сұр жыландар, бозша жыландар. Қазақстанда 18 түрі кездеседі. Олар: жалғанаяқты жыландардан құм және шығыс айдаһаршалары, су сарыбас жыланы, кәдімгі сарыбас жылан, абжыландардан – қызылжолақ, сарыбауыр, төртжолақты, жолақты, өрнекті абжыландар, оқ жылан, бозша жылан және т.б.
Улы жыландар, не Аспидтерден Түркменстан, Өзбекстан мен Тәжікстанда кездесетін кобра (кеңалқым), сұр жыландардан Орта Азияда кездесетін гюрза (қарасұр жылан), эфа (атпа құм жылан) және кәдімгі сұржыландар. Соңғылары қысқа қарай бір жерге көптеп жиналады. Сол себепті бұларды “ордалы” жыландар деп атайды. Оқ жылан, бозша жылан да улы жыландар. Улы жыландардың уы емдік дәрілер жасау үшін пайдаланылады. Жыланханада (серпентарияда) қолда ұсталады.
Кластармағы Архозаврлар – Archosauria. Бұл таксонға бар-жоғы бір отряд Қолтырауындар, не Крокодилдер – Crocodilia жатады. Дене тұрқы 1,5 м-ден 6 м-ге жететін, артқы саусақтарының арасында жүзу жарғақтары бар бауырмен жорғалаушылар. Денесі ірі мүйізді қалқаншалармен жабылған. Жүрегі төрт камералы, бірақ артериальды және венозды қан қарыншада араласады. Тұщы және ащы суларда мекендейді. Қорегі – балық, суатқа келген сүтқоректілер. Өлекселерменде қоректене береді. 10-100 жұмыртқа салып көбееді. 8-10 жылда жыныстық жағынан жетіледі. 80-100 жыл өмір сүреді. Терісі мен еті үшін ауланады, арнайы фермаларда қолда өсіріледі. Кейбір түрлері адамдар үшін қауыпты. Өкілдері: ойықжақты қолтырауындар – Қытай мен Миссисипий аллигаторлары мен Американдық каймандар, нағыз қолтырауындар – Нил қолтырауыны (8-10 м), ұзынтұмсық қолтырауындар – гавиальдар (Бирма ұзынтұмсық қолтырауыны).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет