Кәсіби-дайындық функциясы
Бұл функцияның өзектілігінің себебі оқу мекемесін (мектепті, КТУ, техникумды, ЖОО) бітіргеннен кейін мүгедектер алдында еңбек нарығында жұмыспен қамтылу, бәсекеге қабілеттілік, қызметтегі қажеттіліктерін қанағаттандыру, экономикалық тәуелсіздік проблемасы тұратынында болып табылады
Мақсатты белсенділік есебінен жалпы дене күйін барынша жақсартады, қозғалыстың қажетті қалыптарын меңгеруге көмектеседі, еңбектің жаңа жағдайларына сенсорлық және вегетативті жүйелерін дайындайды, нақты кәсіби қызметте қажет болатын физикалық және психикалық қасиеттерді дамытады.
Стационар жағдайларында бұл міндеттер емдік дене тәрбиесі және еңбек терапиясы құралдарымен шешіледі
Гедонистикалық функция
Қуану, таң қалу, бақытты болу сезімін
білдіретін қозғалыс қызметінің түрлерінде байқалады. Түрлі бұзылушылықтары және қозғалысы шектелген адамдар өздерінің қозғалу қабілеттеріндегі шамалы жетістіктеріне де қатты уайымдайды.
Олар өз сезімдерін шынайы білдіреді, жүре алу, ойнау, жарысу, қарым-қатынас жасау , жеңу мүмкіндіктеріне қуанады.
БДШ маманының міндеті психологиялық тұрғыда жайлы ортаны, сенімділікті, ізгі ниеттілікті, еркіндікті, әрекеттерді қысылмай орындаудан, қуануға мүмкіндік беруден, дене жаттығуларынан қанағат сезіміне алудан тұрады
ӘЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАР ӘЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАР Бейімдік дене шынықтыру, басқа да әлеуметтік институттармен, үдерістер және құбылыстармен қоғамдық қарым-қатынас жүйесінде өзара әрекет жасай отырып, оның әлеуметтік функцияларын көрсететін байланыстарды қалыптастырады. Оларға мыналар жатады: әлеуметтендіруші, интеграциялық, коммуникативтік. Әлеуметтік функциялардың мұндай бөлінуі шартты түрде, өйткені олар педагогикалық үдеріске органикалық түрде кіруі мүмкін, бірақ олар дене шынықтыруға тәуелді болмауы да мүмкін. Әлеуметтендіру функциясы Әлеуметтендіру функциясы - МШ балаларға арнайы білім берудің өзекті мәселесі әлеуметтендіру болып табылады – ол баланың жеке тұлғасының әлеуметтік даму үдерісі, оның қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін белгілі бір білім жүйесін, нормалар мен құндылықтарды меңгеруі.
- Дамуында ауытқуы бар бала үшін әлеуметтік тәжірибе алу, жеке тұлға болу – білім, мәдениет, дене және зияткерлік даму, қарым-қатынас, кәсіби дайындықта кедергілерін жою келешегі бар деген сөз.
- Әлеуметтендіру – үздіксіз және дискретті, сараланған және интеграцияланған, үдемелі қозғалыс, қайтымсыз, сабақтаса жалғасу үрдісімен дамитын, әр түрлі сатылары, мерзімдері, кезеңдері, фазалары бар күрделі жүйелі үдеріс.
Достарыңызбен бөлісу: |