Дәріс «Бейімдік дене шынықтырудың негізгі функциялары мен принциптері» Жоспары: бдшжС негізгі функциялары


Интегративтік функция (кіріктіру функциясы)



бет4/5
Дата11.10.2023
өлшемі6,9 Mb.
#184719
1   2   3   4   5
Байланысты:
5 лек БДШ
10 жар ТЖБ, үлкен ми, Креативті ойлау, Pd, СРСП 4, Документ Microsoft Word (2), 1. Äûáûñòû? áè³êò³ã³ àíû?òàëàäû æè³ë³ã³ Äûáûñòû? ôèçèêàëû? øàìà

Интегративтік функция (кіріктіру функциясы)

  • Мүгедек балалар мен дамуында ауытқулары бар балаларға білім беру әлеуметтік оқу орындарында жүзеге асырылады. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, патологиялық ауытқулары бар балалардың бір бөлігі дені сау құрдастарының арасында жалпыға бірдей мектепте оқиды. Бұл кіріктірілген оқыту деп аталады.
  • Білім беру үдерісінде ішінара жүзеге асырылатын интеграция – өзіндік мақсатқа жету жолы емес, мүгедек балаларды болашақ дербес өмірге дайындау және қоғамға кіріктірудің ықтимал бағыттарының бірі.

Коммуникативтік функция
Әлеуметтік үдеріс ретінде қарым-қатынас МШ балалар үшін аса маңызды
Қарым-қатынас барысында адамның басқа адамдармен эмоционалдық қарым-қатынас құру, өз сезімдерін таныту және түсіністік көру, қандай да бір іс-әрекетке қосылуды сезіну сияқты қажеттіліктер іске асады.
МШ балаларды оқытудың күрделілігі сол – олардың көпшілігінде сөйлеу қабілетінің дамуында ауытқушылықтар бар.

2. БЕЙІМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

2. БЕЙІМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

Принциптер әдістеменің құрамдас бөлігі болып табылады, ол жалпы тұжырымдамалар мен пәннің мәнін, оның мазмұнын, педагог пен жаттығушының өзара әрекеттесу шегін көрсетеді.

Сондықтан мүгедектермен және мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс істеудің қағидаттары мен негізгі талаптарын әзірлеу бейімдік дене шынықтырудың теориясы мен практикасы үшін аса маңызды болып табылады.


БДШ-ң дидактикалық қағидалар
ғылымилық қағидасы, БДШ-ды ғылым жетістіктерінің, БДШ әдіснамалары мен проблемаларының, патологиялық бұзылыстары
бар адам ағзасының биологиялық және психологиялық заңдылықтарының, сондай-ақ педагогиканың, дене шынықтырудың және медицинаның теориясы мен практикасының және т.б. негізінде құруды көздейді;
– саналылық және белсенділік қағидасы, сабақ алып жатқандардың денсаулық және жеке адамды дамыту үшін дене жаттығуларының бірінші орында тұратынына терең сенімге сүйенетін дене жаттығуларымен айналысуға саналы, белсенді көзқарастың қалыптасуына бағытталған
жүйелілік және реттілік қағидасы, дене жаттығуларымен айналысудың жүйелілігін ғана білдірмейді. Бұл сондай-ақ оқу материалын оқыту мен меңгеруді белгілі бір тәртіппен жүргізетін және тиісті жүйеге бағынатын ұйымдастырылған оқу және тәрбие беру үрдіс
диагностикалау, бірінші кезекте ДШ-мен айналысатын адамның негізгі ақауының өзгешелігін (құрылымының, зақымдану уақытының, медициналық болжамның және т.б.), дене шынықтыру құралдарын пайдалануға қарсы көрсетімдерін есепке алуды көздейді
түзету-дамыту бағыттылығы, педагогикалық ықпал жаттығу жасайтындардың денелік және психологиялық бұзылыстарын еңсеруге,
түзетуге ғана емес, сонымен қатар олардың танымдық қызметін, психикалық үрдістері, дене қабілеттерін және адамгершілік қасиеттерін белсенді дамытуға бағытталған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет