ДӘРІС 7. ЖЕЛІГЕ ТӘУЕЛДІ ХАТТАМАЛАР
OSI моделінің барлық деңгейлерінің қызметтері екі топтың біреуіне ғана жатқызылады: жүйенің нақты техникалық жүзеге асуына тәуелді қызметтерге немесе қосымшалары бар жұмысқа бағытталған қызметтерге.
Төменгі үш физикалық, арналық және желілік деңгейлер желіге тәуелді, олардың хаттамалары қатынастық құрылғысымен желінің техникалық жүзеге асуына тығыз байланысты. Мысалы, FDDI құрылғысына өту – желінің барлық түйіндерінде физикалық және арналық деңгейдің хаттамаларын ауыстыру болып табылады.
Жоғарғы үш сеанстық, ұсыну деңгейі және қолданбалы деңгейлер қосымшаларға бағытталған және желінің техникалық құрылуына азырақ тәуелді. Бұл деңгейлердің хаттамаларына желінің топологиясының өзгеруі, құрылғыны өзгерту немесе басқа типті технологияға өту әсер етпейді. Мысалы, Ehternet-тің 10VG/AnyLAN жоғары жылдамдықты технологиясына өту қолданбалы, әкімшілік және бағдарламалық қызметтердің функцияларына ешқандай өзгерісті қажет етпейді.
Транспорттық деңгей аралық болып саналады, ол төменгі деңгейлердің жұмысының барлық бөлшектерін жоғары деңгейлерден жасырады. Бұл тек хабарламаларды тасумен айналысатын, техникалық құралдарға тәуелсіз қосымшаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бір жұмыс станциясы екіншісімен барлық жеті деңгейдің хаттамалары арқылы әсерлеседі. Станциялардың мұндай әсерлесуін қатынастық құралдар арқылы жүзеге асырады: концентраторлар, модемдер, көпірлер, коммутаторлар, маршрутизаторлар, мультиплексорлар. Түріне қарай қатынастық құрылғы жұмысқа кіріседі:
тек физикалық деңгейде ғана (қайталағыш);
физикалық және арналық деңгейлерде ғана (көпір);
физикалық, арналық және желілік деңгейлерде, кейде транспорттық деңгейлерде (маршрутизатор).
OSI моделі көптеген коммуникациялар модельдерінің бірі болса да, өте маңызды модель болып табылады. Бұл модельдер және олармен байланысты хаттамалар стектері деңгейлер санымен, олардың көрсететін қызметтерімен, хабарламалар пішімімен, жоғары деңгейлерде көрсететін сервисімен және басқа да параметрлерімен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |