ДӘРІС 2. ЖЕЛІЛЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Компьютерлік желілер ақпаратты өңдеу және беруді жылдамдатуды қамтамасыз ететін, адамдар мен компьютерлердің бір біріне қызмет көрсетудің бір түрі. Желілерде компьютерлерді қосуды осыдан 30 жыл бұрын бастаған. Компьютерлердің мүмкіндіктері жоғарылағанда және дербес компьютерлерге көпшілік қол жеткізген кезде, желілердің дамуы жылдамдай түсті.
Желіге біріктірілген компьютерлер ақпараттарымен алмасады және ақпаратты сақтау құрылғысы мен шалғай құрылғыны ортақтасып қолданады. 1.2. сурет.
Желілер арқылы қорлар мен ақпаратты бөлуге болады. Төменде желідегі станция көмегімен шешілетін, жеке компьютермен шешілуі қиын негізгі міндеттер көрсетілген:
Компьютерлік желі шалғай құрылғыларды бірігіп қолдануға мүмкіндік береді, оның ішінде:
1.2. сурет – шалғай құрылғыны қолдану.
дискілі жинақтаушылар;
CD-ROM жетектері;
дискжетектер;
стримерлер;
сканерлер;
факс-модемдер;
Компьютерлік желі қорларды бірігіп қолдануға мүмкіндік береді:
каталогтар;
файлдар;
қолданбалы бағдарламалар;
ойындар;
деректер базасы;
мәтін процессорлары.
Компьютерлік жүйе желінің бүтіндігін қамтамасыз ететін, файлдар мен жазбаларды тоқтатып, жалпы деректер базасына барлық пайдаланушыларға бір мезгілде қатынауды қамтамасыз ететін көпшілік пайдаланатын бағдарламалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
ДӘРІС 3. ЖЕЛІЛЕРДІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ
Желінің архитектурасы желінің негізгі элементтерін анықтайды, оның жалпы логикалық ұйымдасуын, техникалық, бағдарламалық қамтамасыз етілуін, кодтау әдістерін сипаттайды. Архитектура сондай-ақ пайдаланушының жұмыс істеу принциптерін және интерфейсін анықтайды.
Бұл курста архитектураның үш түрі қарастырылады:
архитектура терминал – бас компьютер;
біррангілі архитектура;
клиент-сервер архитектурасы.
Достарыңызбен бөлісу: |