Архитектура терминал – бас компьютер
Архитектура терминал – бас компьютер (terminal-host computer architecture) – бұл бір немесе бірнеше бас компьютерлермен барлық деректер өңделетін ақпараттық жүйенің концепциясы.
1.3. сурет - Архитектура терминал – бас компьютер
Қарастырылатын архитектура құрылғының екі типін ұсынады:
Желі басқарылатын, деректер өңделіп, сақталатын бас компьютер.
Тапсырмаларды орындауға және нәтижелерді алу үшін деректерді енгізу, тапсырмаларды орындап, сеанстарды ұйымдастыруға қажетті командаларды бас компьютерге беруге арналған терминалдар.
Бас компьютер деректерді беру мультиплексорлары (ДБМ) арқылы 1.3 суретте көрсетілгендей, терминалдармен әрекеттеседі.
Бас компьютерлері бар желінің архитектурасының классикалық мысалы – жүйелік желілік архитектура (System Network Architecture – SNA).
Біррангілі архитектура.
Біррангілі архитектура (peer-to-peer architecture) – бұл барлық қорлары компьютерлерге таралған ақпараттық жүйенің концепциясы. Бұл архитектура ондағы барлық компьютерлер тең болуымен сипатталады (2.4 сурет).
Біррангілі желілерге кез келген кіші жұмыс станциясы файлдық сервер және жұмыс станциясының қызметтерін бірдей орындай алатын шағын желілер жатады. Біррангілі ЛВС-те дискілік кеңістік пен кез келген компьютердегі файлдар бәріне ортақ болуы мүмкін. Қор ортақ болуы үшін, желілік біррангілі операциялық жүйелердің қашықтан қатынау қызметтерін қолданып, ортақ пайдалануға беру керек.
1.4 сурет – Біррангілі архитектура
Деректердің қорғалуы қалай орнатылуына қарай, басқа пайдаланушылар файл құрылған сәттен бастап қолдана алады. Біррангілі ЛВС-тер шағын жұмыс топтарына өте ыңғайлы.
Біррангілі ЛВС-тер орнатылуына қарай оңай әрі арзан желіліре типі болып табылады. Олар компьютерде желілік карта мен желілік тасушыдан басқа тек Windows 95 немесе Windows for Workgroups сияқты операциялық жүйелерді ғана қажет етеді. Компьютерлер қосылғанда пайдаланушылар қорлары мен ақпараттарын ортақ қолдануға бере алады.
(біррангілі желілердің келесідей артықшылығы бар:
олардың орнатылуы мен бапталуы оңай;
жеке дербес компьютерлер ерекшеленген серверге тәуелсіз;
пайдаланушылар өздерінің қорларын басқара алады;
бағазы қымбат емес және пайдаланылуы жеңіл;
бағдарламалық қамтамасыз ету мен құрылғылардың аздығы;
әкімшіні қажет етпейді;
пайдаланушылар саны 10-нан аспайтын желілер үшін өте ыңғайлы.
Біррангілі архитектураның кемшілігі компьютерлер желіден ажырау кезінде байқалады. Мұндай жағдайларда олар көрсеткен сервис жоғалады. Желілік қауіпсіздікті бір мезгілде бір ғана қорға қолдануға болады, ал пайдаланушы қанша қор болса, сонша парольді есте сақтауы керек. Ортақ қорға басқалар қатынағанда, компьютердің жұмысының әлсізденуі байқалады. Біррангілі желілердің басты кемшілігі – орталықтандырылған әкімшілік етілуінің болмауы.
Біррангілі архитектураны қолданған желіде «терминал – бас компьютер» немесе «клиент-сервер» архитектураларын қолдану мүмкіндіктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |