ДӘРІС 6. ДЕРЕКТЕРДІ ҰСЫНУ ДЕҢГЕЙІ (PRESENTATION LAYER)
Деректерді ұсыну немесе әкімшілік деңгей қажетті түрдегі қолданбалы үрдістер арасында алмасатын деректерді ұсынады.
Бұл деңгей қолданбалы деңгей беретін ақпараттың басқа жүйедегі қолданбалы деңгейге түсінікті болуын қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда ұсыну деңгейі ақпаратты жіберу сәтінде деректер пішімін жалпы пішімге келтіреді, ал қабылдау кезінде керісінше түрленуді жүзеге асырады. Осылай, қолданбалы деңгейлер деректердің ұсынылуындағы синтаксикалық айырмашылықтарды түсіне алады. Мұндай жағдай деректері алмасуы қажет әртүрлі компьютерлері бар (IBM PC және Macintosh) ЛВС-те байқалуы мүмкін. Мысалы, деректер базасының өрістеріндегі ақпарат әріптер және сандар, кейде графикалық кескін түрінде ұсынылуы тиіс. Мұндай деректерді үтірі бар сандар түрінде өңдеу қажет.
Деректерді ұсынудың негізінде модельдің барлық деңгейлеріне ортақ ASN.1 жүйесі жатыр. Бұл жүйе файлдардың құрылымын сипаттау үшін қажет, сондай-ақ деректерді шифрлеу мәселесін шешеді. Осы деңгейде деректерді шифрлеуге және қайта шифрлеуге болады, осыған орай бірдей барлық қолданбалы сервистерде деректердің құпиялылығы сақталады. Мұндай хаттамалардың мысалы – Secure Socket Layer (SSL) хаттамасы, ол ТСР/ІР стегінің қолданбалы деңгейлеріндегі хаттамалар үшін құпия хаттамалармен алмасуды қамтамасыз етеді. Бұл деңгей қолданбалы деңгейдің деректерін түрлендіріп (кодтау, компрессия және т.б.) транспорттық деңгей үшін ақпарат ағымына айналдырады.
Әкімшілік деңгей келесі негізгі қызметтерді атқарады:
қолданбалы үрдістердің әсерлесуінің сеанстарын анықтауға сұранымдарды генерациялайды;
қолданбалы үрдістер арасында деректердің ұсынылуын келістіру;
деректерді ұсыну түрлерін жүзеге асыру;
графикалық матералдарды ұсыну (сызбалар, суреттер, сызбанұсқалар);
деректерді құпияландыру;
сеанстарды тоқтатуға сұраным жіберу.
Деректерді ұсыну деңгейінің хаттамалары әдетте модельдің жоғарғы үш деңгейінің хаттамаларының негізгі бөлімі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |