Байланысты: Д ріс есептеуіш желілерді рылымы мен олар а жалпы шолу негізг
Сеанстық деңгей (Session Layer) Сеанстық деңгей-пайдаланушылар немесе қолданбалы үрдістер арасындағы сеанстарды жүргізу үрдісін анықтайтын деңгей болып табылады.
Сеанстық деңгей синхрондау құралдарын ұсынады және осы сәтте қай жақ белсенді болып тұрғанын бекіту үшін диалогты басқаруды қамтамасыз етеді. Істен шыққан жағдайда соңғы бақылау нүктесіне қайта оралып, қайта бастамас үшін ұзын берілістерге бақылау нүктелерін қоюға синхрондау құралдар мүмкіндік береді. Практика жүзінде қосымшалар сеанстық деңгейді көп пайдаланбайды, сондықтан ол аз қолданылады.
Сеанстық деңгей қолданбалы үрдістер арасында ақпараттың алмасуын басқарады, байланыстың бір сеансының берілуін, қабылдауын координациялайды. Бұдан басқа, сеанстық деңгей қосымша түрде парольдерді, диалогты басқару, төменгі деңгейлерде қате табылып, жаңылыс орын алған соң, берілу сеансында байланысты болдырмау және синхрондау қызметтерін атқарады. Бұл деңгейдің функциялары түрлі жұмыс станцияларында жұмыс істейтін екі қолданбалы бағдарламалар арасында байланыстың координациясында жақсы құрылымданған диалог түрінде жүзеге асады. Осы функциялардың қатарына сеансты бастау, сеанс кезінде хабарламалар дестесін қабылдау мен беруді басқару және сеансты тоқтату кіреді.
Сеанстық деңгейде екі қолданбалы үрдістер арасында беріліс қандай болатыны анықталады:
жартылай дуплексті (үрдістер деректерді қатары бойынша қабылдап, жібереді);
дуплексті (үрдістер деректерді бір мезгілде беріп, қабылдайды).
Жартылай дуплексті режімде сеанстық деңгей берілісті бастаған үрдіске деректер маркерін береді. Екінші үрдіс жауап беретін кезде, деректер маркері оған ауыстырылады. Сеанстық деңгей тек деректер маркері бар жаққа ғана берілісті рұқсат етеді.
Сеанстық деңгейдің қызметтері:
әсерлесуші жүйелер арасында сеанстық деңгейде байланыстың орнығуы және тоқтатылуы;
қолданбалы үрдістер арасында қалыпты және жылдам түрде деректерді берілуін орындау;
қолданбалы үрдістердің әсерлесуін басқару;
сеанстық байланыстарды синхрондау;
шекті жағдайлар туралы қолданбалы үрдістерге хабарлау;
қолданбалы үрдісте істен шығу немесе жаңылыстан соң жақын белгіден бастап қайта қалпына келтіру;
қажетті жағдайларда қолданбалы үрдісті тоқтату және оны қалпына келтіру;
деректерді жоғалтпай, сеансты тоқтату;
сеанстың жүрісі туралы ерекше хабарламаларды беру.
Сеанстық деңгей соңғы машиналар арасында деректердің алмасу сеансын ұйымдастыруға жауап береді. Сеанстық деңгейдің хаттамалары әдетте модельдің жоғарғы үш деңгейдің хаттамаларының негізгі құрам бөлігі.