802.6
802.6 стандарты (Metropolitan Area Network – қала желілері) аумақтық желілер үшін ұсыныстарды сипаттайды.
802.7
802.7 стандарты (Broadband Technical Advisory Group – кеңінен таралатын беріліс бойынша техникалық кеңес беретін топ) кең желілік технологиялар, тасушылар, интерфейс және құрылғылар бойынша ұсыныстарды сипаттайды.
802.8
802.8 стандарты ( Fiber Technical Advisory Group – оптоталшықты желілер бойынша техникалық кеңес беретін топ) 802.3-802.6 желілерде оптикалық кабельдерді қолдануды талқылаудан тұрады, сондай-ақ кең желілік технологиялар, тасушылар, интерфейс және құрылғылар бойынша ұсыныстардан тұрады, ұқсас үлгі – FDDI (Fiber Distributed Data Interface) желісі.
FDDI стандарты оптоталшықты кабельді және маркерді қолданып қатынауды қолданады. FDDI желісі екі оптоталшықты сақиналар негізінде орнатылған, олар желі түйіндері арасында деректердің берілуінің негізгі және қор жолдарын түзеді. Екі сақинаны қолдану – FDDI желісінде істен шығуға тұрақтылықты көтерудің негізгі әдісі, оны қолданғысы келетін түйіндер екі сақинаға бірдей қосылып тұруы керек. Желінің жылдамдығы 100Мб/с-қа дейін болады. Бұл технология 100 км қашықтықта 500 түйінге дейін шыдайды.
802.9
802.9 стандарты (Integrated Voice and Data Network – дыбыс пен деректерді жіберудің интеграцияланған желілері) дыбыс пен деректердің бір тізбек бойымен бір мезгілде берілудің архитектурасы мен құрылғыларының интерфейстерін анықтайды, сондай-ақ дауыс және деректер трафиктерін бір желілік ортада біріктіретін гибридті желілер бойынша ұсыныстар береді.
802.10
802.10 стандарты (Network Security – желі қауіпсіздігі) OSI моделіне сәйкес келетін желі архитектурасындағы қауіпсіздік пен желіні басқару, шифрлеу, деректермен алмасу мәселелерін қарастырады.
802.11
802.11 стандарты (Wireless Network – сымсыз желілер) сымсыз желілерді қолдану бойынша ұсыныстарды сипаттайды.
802.12
802.12 стандарты жылдамдығы 100Мб/с және сұранымдары мен талаптары бойынша (Demand Priority Queuing – DPQ, Demand Priority Access – DPA) қатынау әдістері бар, 100VG – AnyLAN желілерін қолдану бойынша ұсыныстарды сипаттайды.
100VG технологиясы – беріліс жылдамдығы 100Мб/с, экрандалмаған шырмалған жұптарда Ethernet және Token Ring-дың комбинациясы. 100Ваsе-VG жобасында мультимедиалық қосымшалардың талаптары ескерілген қатынаудың әдісі жетілдірілген. 100 VG спецификациясында талшықты-оптикалық кабельді жүйелерді қолдау қарастырылған. 100 VG технологиясы талаптары (Demand Priority Access) бойынша сұранымдарды өңдеу сияқты қатынау әдісін қолданады. Бұл жағдайда желінің түйіндеріне бірдей қатынау құқығы беріледі. Концентратор әрбір портты сұрап, беріліске сұранымның болуын тексереді, сонан соң талаптарға сай бұл сұранымға рұқсат береді. Талаптардың екі деңгейі бар – жоғарғы және төменгі.
Достарыңызбен бөлісу: |