Дәріс есептеуіш желілердің ҚҰрылымы мен оларға жалпы шолу негізгі анықтамалар мен терминдер


Физикалық деңгей (Physical Layer)



бет14/20
Дата02.11.2022
өлшемі258,5 Kb.
#156192
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
Д ріс есептеуіш желілерді рылымы мен олар а жалпы шолу негізг

Физикалық деңгей (Physical Layer)
Физикалық деңгей физикалық қосылу құралдарымен үйлесуге арналған. Қосылудың физикалық құралдарыфизикалық ортаның, жүйелер арасында сигналдарды беруді қамтамасыз ететін аппараттық және бағдарламалық құралдардың қосындысы. Физикалық орта – сигналдар берілетін материалды субстанция. Физикалық орта қосылудың физикалық құралдары құрылатын негіз болып табылады. Физикалық орта ретінде эфир, металдар, оптикалық шыны және кварц қолданылады.
Физикалық орта ортамен түйісу Деңгейасты мен берілістің түрленетін Дейгейастыдан тұрады.
Алғашқысы деректер ағымының физикалық байланыс арнасымен үйлесуін қамтамасыз етеді. Екіншісі қолданылатын хаттамалармен байланысқан түрленулерді жүзеге асырады. Физикалық деңгей деректердің берілу арнасы мен физикалық интерфейсті қамтамасыз етеді, сондай-ақ сигналдардың берілу процедураларын және олардың арнадан алынуын сипатайды. Осы деңгейде жүйелердегі физикалық байланыстар үшін процедуралық, функционалдық, механикалық және электрлік параметрлер анықталады. Физикалық деңгей жоғарыдағы арналық деңгейден деректер дестесін алады да, оларды сәйкес 0 және 1 бинарлық ағымға, электрлік немесе оптикалық сигналдарға түрлендіреді. Бұл сигналдар беріліс ортасы арқылы қабылдаушы түйінге беріледі. Беріліс ортасының механикалық және электрлік/оптикалық қасиеттері физикалық деңгейде анықталады және оның құрамына төмендегілер енеді:

      • кабельдер мен ажырамалардың типі;

      • ажырамалардағы түйісулердің бөлінуі;

      • 0 және 1 мәндері үшін сигналдарды кодтау сызбанұсқасы.

Физикалық деңгей келесі қызметтерді атқарады:

      • физикалық қосылыстарды орнату және бөлу;

      • кезектес кодтардағы сигналдарды беру және қабылдау;

      • қажет жағдайларда арналарды тыңдау;

      • арналарды идентификациялау;

      • бұзылыстар мен істен шығулар туралы хабарлау.

Бұзылыстар мен істен шығулар туралы хабарламалар физикалық деңгейде желінің қалыпты жұмысына кедергі болатын нақты класты жағдайлар анықталуымен байланысты (бірнеше жүйелер жіберген кадрлардың соқтығысуы, арнаның үзілуі, қорек көзінің сөнуі, механикалық түйісу жоғалғанда және т.б.). арналық деңгейге көрсетілетін сервис түрлері физикалық деңгейдің хаттамаларымен анықталады. Арнаны анықтау тек бір арнаға бірнеше жүйелер қосылғанда ғана қажет, бірақ бір мезгілде сигналдарды беру тек біреуіне ғана рұқсат етіледі. Сондықтан арнаны анықтау ол беріліске дайын екендігін анықтау үшін қажет. Кейбір жағдайларда құрылымды нақты анықтау үшін физикалық деңгей бірнеше деңгейастына бөлінеді. Мысалы, сымсыз желінің физикалық деңгейі 3 деңгейастына бөлінеді (2.3 сурет).



1 с

Қосылудың физикалық құралдарына тәуелсіз деңгейасты

1 б

Аралық деңгейасты

1 а

Қосылудың физикалық құралдарына тәуелді деңгейасты




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет