Байланысты: Д ріс есептеуіш желілерді рылымы мен олар а жалпы шолу негізг
Транспорттық деңгей (Transport Layer) Транспорттық деңгей қатынастық желі арқылы дестелерді беруге арналған. Транспорттық деңгейде дестелер блоктарға бөлшектенеді. Жіберушіден алушыға берілу жолында дестелер жоғалуы немесе жойылуы мүмкін. Кейбір қосымшалар қатені өздері түзете алса, кейбіреулері сенімді байланысты қажет етеді. Транспорттық деңгейдің жұмысы–модельдің жоғарғы деңгейлеріне немесе қосымшаларға деректерді қажетті сенімділікпен жеткізу. OSI моделі транспорттық деңгей ұсынатын сервистің бес класын анықтайды. Сервистің бұл түрлері көрсететін қызметтерінің сапалылығымен ерекшеленеді: жылдамдығы, үзілген байланыстың қалпына келтірілуі, жалпы транспорттық хаттама арқылы түрлі қолданбалы хаттамалар арасында бірнеше байланыстарды мультиплекстеу құралдарының болуы, ең бастысы, дестелердің жоғалуы, екі еселенуі және өзгеруі сияқты берілістің қателіктерін тауып, түзететіні.
Транспорттық деңгей желідегі физикалық құралдардың (жүйелердің, олардың бөлімдерінің) адресациясын анықтайды. Бұл деңгей ақпараттардың блогын алушыларға жеткізілуіне кепілдік береді және осы берілісті басқарады. Оның бас міндеті – жүйелер арасында ақпарат алмасудың сенімді, тиімді және ыңғайлы болуын қамтамасыз ету. Өңдеу үрдісінде бірден көп десте табылса, траснпорттық деңгей дестелердің кезекпен өтуін бақылайды. Егер алдында алынған хабарлама қайталанса, бұл деңгей оны танып, оны қабылдамайды.
Транспорттық деңгейдің қызметтері:
желі бойынша берілістерді бақылау және деректер блогының бүтін болуын қамтамасыз ету;
қателерді табу, оларды шамасына қарай жою және түзетілмеген қателіктер туралы хабарлау;
істен шыққан соң және қателіктерден соң берілісті қалпына келтіру;
деректер блогын бөлу немесе біріктіріп, үлкейту;
блоктарды беру кезінде басыңқы бағыттарды ұсыну (қалыпты немесе жылдам);
берілісті растау;
желідегі тұйық жағдайларда блоктарды жою.
Транспорттық деңгейден бастап, әдетте желілік операциялық жүйенің құрамына енгізілген жоғарғы хаттамалар бағдарламалық құралдармен жүзеге асырылады.
Транспорттық деңгейдің кеңінен таралған хаттамалары:
ТСР (Transmission Control Protocol) - TCP/IP стектің берілуін басқаратын хаттама;