2.2 сурет – Жеті деңгейлік модельдің әрбір деңгейінің дестелерінің құрылуы.
Модельдің әрбір деңгейі өзінің қызметін атқарады. Деңгей жоғары болған сайын, оның тапсырмасы күрделене түседі.
OSI моделінің жеке деңгейлерін нақты қызметтерді орындайтын бағдарламалар тобы түрінде қарауға болады. Мысалы, бір деңгей деректердің ASCII түрінен EBCDIC түріне айналуын қамтамасыз етеді және онда осы тапсырманы орындауға қажетті бағдарламалары болады.
Әрбір деңгей төменгі деңгейден сервисті сұрап, өзінен жоғары тұрған деңгейге сервисті қамтамасыз етеді. Жоғарғы деңгейлер сервисті бірдей сұрайды: бұл ережеге сәйкес, бір желіден екіншісіне деректердің көшірілуінің талабы. Деректерді адрестеу принциптерін нақты жүзеге асыру төменгі деңгейлердің міндеті.
Қарастырылған модель бір желіде түрлі өндірушілердің ашық жүйелерінің әсерлесуін анықтайды. Сондықтан ол төмендегілер бойынша олар үшін координациялаушы әрекеттер жасайды:
қолданбалы үрдістердің әсерлесуі;
деректерді ұсыну формалары;
деректерді бірдей сақтау;
желілік қорларды басқару;
деректердің қауіпсіздігі мен ақпаратты қорғау;
бағдарламалар мен техникалық құралдарды диагностикалау.
2.2. суретте барлық деңгейлердің қызметтерінің қысқаша сипаттамасы берілген.
7. Қолданбалы
желілік қызметтерге қатынауды алуға мүмкіндік беретін интерфейстер жинағын ұсынады
|
6. Ұсыну
желімен беру үшін деректерді жалпы пішімге келтіреді
|
5. Сеанстық
қашықтағы үрдістер арасында әсерлесулерді (сеанстарды) қолдау
|
4. Траснпорттық
желі бойынша деректердің берілуін басқарады және берілістің алынғандығына көз жеткізуді қамтамасыз етеді
|
3. Желілік
маршрутизация, деректер ағымын басқару, жеткізілу үшін хабарламалардың адрестелуі, логикалық желілік адрестер мен аталымдарын оларға сәйкес физикалық түрге келтіру
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |