Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет53/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

Тең емес кроссинговер 
Әдетте хромосомалар айқасқанда екi гомологты хромосоманың бөлiм алмастыратын жерi бiр 
нүктеде болады. Соған байланысты екi хромосоманың да айқасқан бөлiмдерi және оперондағы 
гендердiң жиынтығы да сан жағынан бiрдей тең келедi. Бiрақ кейде, өте сирек жағдайда, мысалы, 
хромосоманың белгiлi бiр бөлiгi екi еселенгенде және олар қатар орналасқанда (тандемдiк 
дупликациялар) айқасу бiр нүктеде болмай шығады. Соның нәтижесiнде хромосомалардың 
алмасатын бөлiмдерi және олардағы гендердiң саны бiр-бiрiне тең болмайды. Мұндай құбылысты 
тең емес кроссинговер
дейдi. Мысалы, дрозофиланың жабайы түрлерiне тән қалыпты көздерi 
хромосомалардың тең айқаспауы салдарынан таспа тәрiздi (бұл белгi 
Bаr
-деп аталады) болып 
өзгередi. Дрозофиланың әр түрлi 
Bаr
-мутацияларын көз торшаларының саны арқылы ажыратуға 
болады. Мысалы, жабайы шыбынның көзiнiң фасеткасының саны 800-дей болса, гетерозиготалық 
қос 
Bаr
немесе 
ультра-Bar
мутацияда 45-ақ фасетка болады. 
Bar
белгiсiмен сипатталатын шыбындарда Х-хромосоманың белгiлi бiр бөлiгi екi еселенген 
болатынын цитологиялық талдаулар көрсеттi. Ал, ультра-
Bar
белгiсiндегi шыбындарда бұл бөлiк 
үш рет қайталанған болады. Қалыпты көздi және ультра-
Bar
мутациялы шыбындар 
Bar
дупликациясы бар екi Х-хромосоманың арасындағы тең емес кроссинговер нәтижесiнде 
туындайтыны анықталды. Тең емес кроссинговер өсiмдiктерде, мысалы жүгерiде де байқалады. 
Дрозофила көз торшаларының өзгерiске ұшыраған көрiнiстерi . 
Талқылауға арналған сұрақтар 
1.
Жыныспен тiркесу мен аллельдi емес гендердiң тiркесуi ұғымдарының 
айырмашылығы неде? 
2.
Екi жұп гендердiң тiркесуi ол гендердiң бiр хромосомада орналасқанын дәлелдей ме? 
В
+

+
В/В
+
В/В 
ВВ/В
+
Жабайы тип 
(800 фасетка) 
Гетерозиготалы
қ 
Bаr
(350 
фасетка) 
Гомозиготалық 
Bаr
(70 фасетка) 
Гетерозиготалық 
қос 
Bаr 
(45 
фасетка) 


3.
Интерференция және коинциденция терминдерi ненi бiлдiредi? 
4.
Көптiк кроссинговер дегенiмiз не? 
5.
Митоздық және тең емес кроссинговер дегенiмiз не? 
6.
Кроссинговердiң молекулалық механизмi туралы қазiргi заманғы мәлiметтер қандай? 
7.
Хромосомалардағы гендердiң сызық бойына орналасу теориясы қалай пайда болды 
және гендер арасындағы ара-қашықтық қалай анықталады? 
8.
Кроссинговердiң биологиялық маңызы қандай? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет